Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:
- Дәурен Серғазиннің бұл образы әлеуметтік желіні біраз шулатқан еді. Тіпті, театрға тұрақты бармайтын көрерменнің өзін елітіп қойды. Биді де тамылжыта билейді, әнді де құйқылжыта салады. Бәрі сәнқой әйел сиқында! Бүгін Жастар театры Алматылық көрерменді күлкіге қарық қылды.
Жастар театры мен Дәурен Серғазиннің Алматыға ат басын бұрмағанына 4 жылдан астам уақыт өтті. Бүгін төл театрының 15 жылдығына орай, жаңа премьераларын алып келген.
Дәурен Серғазин, кино және театр актері:
-Даурен қайырлы кеш. Қарасам өзіңіз гриміңізді өзіңіз жасап отырсыз.
-Мен негізі көбінесе өзім жасаймын гримді. Сол гримге сала отырып ақырын образға ене бастайсың.
-«Пранк махаббат» спектаклінде өзіңіз режиссёрсыз, өзіңіз актерсыз. Дауреннің тағы да біз білмейтін қырлары бар ма?
-Бар оны айта алмаймын. Иә, енді біздікі сол театрдың айналасында. Бұл спектакль тағы да өзінің авторлық әндерімді қолданамын,
Дәурен Серғазин, кино және театр актері:
-Өзім режиссёрмін, өзім актермын сондай бір өзін ойлап қалған өнер адамымын, эгоист адаммын.
-Неге эгоист ?
-Жоқ, енді былай негізі қиын ғой өзің ойнап, өзің қойған. Бірақ мен енді қиындықтарды жақсы көремін, өзімді сол қиындықтарда салып, сынап әйтеуір енді көңілден шығуға тырысамыз.
-Комедиялық қойылымда студенттік кезеңнің қызығы мен шыжығы көрсетілген. Ұтқыр әзіл, әдемі әуен, шытырман оқиғаға құрылған туынды бүгінгі жастардың вайбында! Серғазин әйелдің образымен студент қыздарға пранк жасайды.
Дәурен Серғазин, кино және театр актері:
-«Пранк махаббат» спектаклінің бөліктері ғаламторда хит болып кетті. Тик - токта да, сіздің әсіресе биіңіз, әйел образындағы...
-Әйтеуір сол жерге келген кезде бәрі телефон қосып түсіре қалады, сол хит болып кетті енді.
Дәурен Серғазин, кино және театр актері:
-Театрға тарту мақсатында сол кішкене бүгінгі күннің фишкаларын заманауи, ток - ток, инстаграм бар соларды қойып кішкене бүгінгі жастардың көңілінен шығу үшін, бүгінгі жастардың келбетімен осындай заманауи спектакль қоюға тырыстық.
Қойылымда актер Әділ Ахмет те бар. Спектакль үшін имиджін өзгерткен актерді көрермендер бірден тани қоймайды.
Әділ Ахмет, кино және театр актері:
- «Пранк махаббат» спектакльінде кімді сомдайсыз.
-Пранк махаббатта мен деканның ролін сомдаймын. 5 жыл декандықты атқарған, Phd доктор өзі, бірақ әлі күнге дейін басы бос, қызмет деп, ғылым білім деп, жеке өзінің өміріне көп мән бермей кеткен, бір сондай тұлғаны сомдаймыз.
-Соңғы кездері қарап тұрсақ театрда сияқтысыз, себебі кинода көрінбей кеттіңіз, оған не себеп ?
-Осы соңғы екі жарым жыл «ЖАСТАР театрының» директорлық қызметін атқардым. Ағайымыздың тапсырысымен, бірақ енді өзімде о баста екі жыл жұмыс істеп шығам дегем. Екі жылымыз екі жарым жылға созылып кетті.
Әділ Ахмет, кино және театр актері:
-Дәурен Серғазин мырза бұл спектакльде режиссёр, және басты кейіпкер. Ол кісі режиссёр ретінде қатал ма ?
-Режиссёр ретінде әрине талапшыл, қатал деп айтпаймын. Талапшыл және де мақсатын анық қояды. Біз енді екеуміз бала кезден бірге келе жатқаннан кейін бір-бірімізді ым - жыммен ақ, көздің қырымен - ақ, түсініп кете береміз.
Досымжан Таңатаров, «ЖАСТАР театрының» директоры:
-Адамның өздері сондай көңілмен ықыласпен театрға деген бір осы бір карантиннен кейін уақытта сондай лек пайда болды. Сондай жастар пайда болды және театрға деген ерекше құрметпен қарайтын жағдайға келді.
Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:
Театр көрермен жинай алмайды деген ұғым келмеске кеткен. Жастар театрының үш күндік қойылымдары түгел солд аут! Аншлаг!