Дәурен Айдарқұлов пен Салтанат Серкебаеваның арасындағы химия күллі таблоидтардың басты тақырыбында!

Сообщить о проблеме с эфиром

Дәурен Айдарқұлов пен Салтанат Серкебаева басты назарда! Оған себеп қос актер «Күйеуіме тоқал іздеймін» атты жаңа фильмнің басты кейіпкерлері атанды. Комедияда Дәурен мен Салтанат ерлі-зайыптыларды сомдайды.

Алғаш рет кинода серіктес болған Дәурен мен Салтанаттың арасындағы коннект тез орнаған. Дәурен түсірілім алаңында әріптесімен арада химия болғанын бұған дейін айтқан еді. Ал бұл байланыстың себебі мынада:

Дәурен Айдарқұлов, актер:

  • Киноның мәні болуы үшін, адамдар сенуі үшін, екі жақтан, екеуміз химияны, ішімізден шығардық деп айтса болады және де сол химия халық та көрді деп сенемін.

Фильм барысында бәйбіше күйеуіне тоқал іздейді. Оған себеп, жазылмайтын дертке шалдығуы. Мақсаты – күйеуін жалғыздықта қалдырмай, бақытты ету.

Дәурен Айдарқұлов, актер:

-Біздің еліміз әлем бойынша, ажырасудан тоғызыншы орында. Жанұяның, жанұялық құндылықты көтеру мақсатында, әйелімен күйеуі бір-біріне берік болу мақсатында. Фильмге барыңыздар, көріңіздер.

Дәуреннің бізге берген сұқбатынан соң Салтанат Серкебаева басты ньсюмейкерге айналды. Бәрінің білгісі келетіні – Салтанат тоқал болуға келісер ме еді?

Салтанат Серкебаева, актриса:

  • Тоқал болу осы фильмге келмес бұрын, мен осы туралы ойландым. Себебі ұсыныстар келді. Бірақ әлі шешім қабылдаған жоқпын. Қолдаймын деп айта алмаймын, қарсымын деп те айта алмаймын. Әркімнің өз шешімі. Бірақ бүгінгі фильмде ондай арнайы пропоганда ешқандай жоқ. Сондықтан келіп көріңіздер «Күйеуіме тоқал іздеймін».

Күйеуіме тоқал іздеймін фильмнің жабық көрсетілімі Шымкент қаласында өтті. Жоба авторлары басты кейіпкерлер мен жұлдызды қонақтарды премьераға арнайы шақырған.

Зейнулла Қожабаев, продюсер:

  • Құрметті көрермендер, бұл біздің алғашқы түсірген киномыз болатын. 11-ші мамырдан бастап, барлықтарыңызды Қазақстанның бүкіл кинотеатрларынан сіздерді көруге шақырамыз. Келіңіздер, көріңіздер.

Лентада, Дәурен мен Салтанаттан өзге, Жан Байжанбаев, Қылышбек Қасымбек, Әшім Ахметов сынды ТОП актерлар төбе көрсетеді.

Әшім Ахмет, кино және театр актері:

  • Кино күшті керемет дәрежеде шыққан келіп көрермендер келіп көріңіздер. Бір керемет көңіл-күймен қайтасыздар деген үміттемін.

Ілияс Көпжасаров, актер:

  • Қысқасы, мен кадрдан тыс қандай үлкен еңбек жасалғанына куә болдым. Сондықтан фильм үшін барын салған жандардың еңбегін бағалаңыздар. Менің ойымша, картина көрерменнің көңілінен шығады, себебі ол өте жеңіл, қызықты әрі мағыналы.

Еске салсақ, отбасылық құндылықтарды әзіл арқылы астарлап жеткізетін туынды 11-ші мамырдан еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіліп жатыр.