Жыл хедлайнері! Бағжан Октябрь аз уақытта ауқымды кештердің басты қонағына қалай айналды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Соңғы кездері шыны керек Бағжан Октябрь есімі көп естіледі. Бұндай жетістіктің сыры не деп ойлайсыз? Еңбек па әлде?

Бағжан Октябрь, музыкант:

- Ол,әрине, ең біріншіден - еңбек. Екінші - виоленчель, үшінші - менің күлкім. Десей.

Оған сөзіміз жоқ. Қазақстан бойынша гастроль сапарда жүресіз.

- Жоспарлар бізде қазір тур бітсе, сосын жоспар шетел боп тұр. Сол шетел асып шықсақ әрі қарай арена бар.Алматыда оның күнін белгілеп қойдық. Оны жақындағанда өзіміз хабардар етеміз.

Тек Қазақстанда ғана емес, Бағжан ТМД-ны аралап кештер қойып жүр. Кестесінде бос орын жоқ. Сұраныс жоғары. Іс-сапарындағы қызықтарын да айтып берді:

Сіз Бішкекке барып келдіңіз ғой. Бішкек қалай қабылдады?

Бағжан Октябрь, музыкант:

- Күшті болды. Мен ойлағаннан 10 есе жақсы болды. Ол жақта да аншлаг болды. Адамдар билет іздеп күшті болды. Ұнады. Бішкектің халқы жақсы қарсы алды. Қазақша сөйлеймін бе, орысша сөйлеймін бе деп уайымдадым. Олар өздері айтты қазақша сөйлей бер деп.

Қалай ойлайсыз соңғы кездері тыңдармандардың классикаға көңіл аудару неге байланысты?

Бағжан Октябрь, музыкант:

- Талғамы өсті. Екіншіден, тренд деген сөз бар. Қазір енді былай ғой, бүкіл өмір осылай болды ғой. Бір нәрсе 10 жыл трендте болады, одан кейін тағы екіншісі ауысады. Бірақ осындай тренд боп жатқанына қуаныштымыз. Екіншіден,әрине, адамның талғамы өсуі, адамдар поп музыкадан біраз шаршаған болуы да мүмкін.

Біз білеміз, өнерде 10 жылдап, 15 жылдап әртістер сахнада өнер көрсетпейді. Сіз ай сайын жасасаңыз да аншлаг. Бұның бір құпиясы бар ма?

Бағжан Октябрь, музыкант:

- Құпиясы виоленчель мен менің күлкім. Мен өзім таңғаламын, бірақ шүкір деп айтайын. Әйтеуір бізге бәрі таңғалады. Менің достарым айтады «Біз Бакуге ұшып барамыз » , «менде концерт» деймін. Сосын алдында достарым айтады ой сенің концерттерің бітпейді деп. Ол енді мен аспаннан шығармаймын ғой, адамдар өзі жазады «кел, кел» деп.

Бағжан инстада да өте танымал. Серінің көзіне түскісі келетін сылқымдар да жетерлік. Бірақ музыкант жеке өмірінің сырын ашылып айтқысы келмейді. Дегенмен, имидж, образ туралы құпияларын айтуға дайын.

Сіздің инстаграмдағы имиджыңыз да өте танымал. Блогер ретінде деп айтсақ болады. Сомен қаншалықты жұмыс істейсіз?

Бағжан Октябрь, музыкант:

– Образ емес ол, мен негізі шын өмірде осылай спорттық үлгіде киінемін .Ал, мен сахнаға шыққанда смокинг киіп шыққанда адамдар мені қатал адам деп ойлайды.

Өзіңізді тренд қалыптастырушымын деп айта аласыз ба?

-Тренд қалыптастыратын шығармыз иә. Олай айтуға ұялам, қорқам.

- Неге?

- Білмеймін.

Бағжан Октябрьдің кешіне барған көрермен, залдағы талаптардың қатаң екенін біледі. 7 жасқа дейінгі баламен кіруге, шулауға, қатты сөйлеуге болмайды. Бұл ережені енгізген музыканттың өзі.

Мен сіздің концертіңізде болдым. Бір таңғалғаным көрермендердің өте қатал талаптарға көнеді. Қозғалмай отыру, баласыз келу. Оған сіз қалай тәрбиелейсіз тыңдармандарды?

Бағжан Октябрь, музыкант:

- Енді ең бастапқы концерттерде біраз қорқып, адамдарға артық сөз айтпайтынмын. Адамдар маған өздері айтатын болды «Бағжан, сенің концертіңде бір қыз жылап отырды. Ол бізге ұнамайды. Концертіңде виоленчельді көзді жұмып отырып тыңдау керек» деп. Көрермен өзі сұрап тұрса, демек солай айту керек. Мен сторисқа салам. «Өзінше боп кеттің, балаларды кіргізбейсің ба» деген қарсы пікірлер болмады. Керісінше тыңдармандарым осы тәртіпке қуанады. Адамдар ең басында шуылдап жүруші еді. Ол - адамдардың айтқан ұсынысы.