Жұлдыздар да бала болған, қателіктерге барған! Тіпті ұрлық та жасаған. Мәселен, BayGUYS-тық Бағжан Данай мен Мағжан Нұрғали жасағандарын жігітше мойындайтындардан екен.
– Өмірлеріңде ұрлық жасап көрдіңдер ма?
Бағжан Данай, BayGUYS жобасының авторы:
– Иә.
-Не ұрладың?
-Кітап. Ол қылмысқа жатпайды деп ше /смех/
-Қандай кітап ұрладың?
-Ойнап айтам. Кітап ұрламағам. Майда-шүйде ұрладық қой. Көрпенің астындағы 200 теңге дегендер ше. Жүктің арасындағы 500 теңге дейтін.
Мағжан Нұрғали, BayGUYS жобасының авторы:
– Не ұрладым? Анамның түн ұйқысын ұрладым кезінде. Ал, одан басқа ешқандай ұрлыққа бармағам.
Атақты әулеттен шыққан, Төлеген Мұхамеджанов пен Нұржамал Үсенбаевалардың еркесі – Қарлығаш Мұхамеджанова болса: Балалыққа баспадым, ұрлыққа бармадым. Тәрбие солай болды,-дейді.
– Ал өмірде ұрлық жасап, адамдарды алдап көрген кезіңіз болды ма? Кішкентай кезіңізде?
Қарлығаш Мұхамеджанова, актриса:
-Құдайға шүкір, ондай болмапты. Себебі өте жауапкершілікті адаммын. Бала кезде де, өскен соң да ондай оқиғалар болмапты.
– Кәмпит те ұрлап көрмедіңіз?
– Жоқ, кәмпит ұрлап көрдім.
Ал, Адина Бажан бала кездегі қылықтарын жасыратын жұлдыздардан емес. Кім ұрлыққа бармады? Кімнің басынан өтпеді?,-дейді Адина.
– Өміріңде ұрлық жасап көрген кезің болды ма?
Адина Бажан, актриса:
– Иә болды.
-Не ұрладың?
- Балмұздақ. Кішкентай кезімде сыныптас қыздармен бірге, бір дүкенге барғанбыз. Сол жерде дүкенге кіріп «балмұздақ ұрлайық» деп жоспар құрап. Сондай мақсат болды.
- Білмей қалды?
- Жоқ. Білмеді.
Ал Алмагүл Сағындық өмірде адамдардан жиі опық жейді екен. Нақтысын білу үшін актрисаны әңгімеге тартқанымызда, ашылып айта алмады. Яки айтқысы келмеді. Әйтеуір әңгімеден қашты.
– Кинода сен алдайсың. Өмірде сені алдағандар болды ма?
Алмагүл Сағындық, актриса:
– Әрине болды. Бәрімізде болған шығар.
-Соңғы алданған кезіңді айтсаң?
-Ақшалай алданбаппын, адами әрине. Жеке қарым - қатынас қой.
-Жігітің алдап кетті ма?
-Жоқ. Жалпы тек қана адами қарым - қатынас деп тұрғаным жеке қарым-қатынас емес қой.