Қос блогердің бұл бәсін күллі Қазақстан қарады. Нәтижесі де тез тарады. Хайп деп, айыптағандар да көп. Мақсатын өздері түсіндірсін:
Нұрдәулет Бектұрсын, блогер:
– Біз Дархан екеуіміз бәстестік, иә. Үлкен ақшаға. Ол бәсіміздің мақсаты: бір жағынан жұмысымыз. Біздің контентіміз. Видео саламыз. Есеп саламыз.Жұмысқа келгенде қатты тәуекелге барамын. Көп ақшаны көбіне жұмысыма құямын. Өзіме құямын. Контентке құямын. Бірақ көбейіп жатыр соның арқасында. Шүкір, осы уақытқа дейін бір шығынға ұшырап немесе бір қадалып қалған, жоқ боп кеткен кезім болған жоқ.
Ақша деп ақылымыздан адаспадық деген Дархан мен Нұрдәулет: Қомақты қаражат табамыз десек, көзін білеміз. Неше түрлі ұсыныстар да түсіп жатыр,-дейді.
Дархан Жолшыбеков, блогер:
– Қазір блогерлер. Статистикамен өлшенеді ғой. Қанша сені сыйласын, сенің статистикаң болмаса... Қазір мысалы мына жақта бүкіл блогерлердің оқырманы жоқ болып кетсінші. Сол күйде қалып қаласың ғой. Ал сенің статистикаң жоғары болып тұрса, қазір Нұрдәулетке көреміз ғой... 500 мың доллар дәл қазір қолыңа ұстатамын, казино өткендегі.
- Иә.
- Казиноға жарнама істейсің ба дейді. Істемей қойып жатыр.
– Ставка ма или барып ойнайтын казино ма?
– Онлайн казино. Қазір елімізде ресми тіркелген ғой енді. Бірақ өзімнің парақшам өзімдікі ғой. Онлайн казиноға 500 мың доллар ұсынған, 6 айға проект. Менің ақшадан қиналып жүрген кезім еді. Бірақ келіспедім.
Қазіргі таңда Дарханды «Алаяқ», «Осы ақшаны қайдан табады?», «Бұған кім сенеді?» деп жазғырып жатқандар жетерлік. Бірақ блогердің оларға өз айтары бар:
Дархан Жолшыбеков, блогер:
– Кейбіреулер жағымсыз пікірлер жазады: «Блогерлер осындай, блогерлер осындай» -деп. Оңай табады анау-мынау деп. Сол айтқым келгені: миллиондаған долларлар тапқымыз келсе, миллиондаған доллар таба аламыз да.
Иә, бір аптаға созылған, күллі Қазақстан көз тіккен бәс бітті. Дархан жеңілді және онысын жігітше мойындап, 3 бөлмелі 100 шаршы метр пәтерін Нұрдәулетке сыйлады.