OZMZ ғoй! НТК-да ең көңілді жүргізушілерден жаңа шоу!

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Дәл қазір мен сіздерге телеарнадағы суперпроект қалай жасалатынын айтып беретін боламын. Үш көңілді жүргізуші, кәсіби команда, түрлі жұлдызды қонақтар, бұның барлығы бомба жобаның құпиясы. Дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр, анықтап көрейік.

 

Үздік әзіл, жұлдыз қонақ, эксклюзивті сұхбат, қызықты ойындар және драйв – бұның бәрі «OZMZ ғoй» атты жаңа жобада қамтылмақ. Аптаның төрт күні «НТК» арнасында көрсетілетін бағдарлама көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлаумен қатар, актуалды және трендтегі жаңалықтармен де бөліспек. Ал жоба жүргізушілерінің бірі – Анар Батырхан.

- Анар, «OZMZ ғoй» жобасының эфирі өзіңнің қолыңда, дайындық қалай?

 

Анар Батырхан, актриса, тележүргізуші:

- Ой, керемет, менің ойымша жаңа форматта, есте қаларлық, проект болатын сияқты, барымызды саламыз, сіздердің көңілдеріңізді көтеруге.

- «НТК» арнасының көрермендеріне, үйреніп қалған «Ревюдан» өзгеше формат болады деп жатыр, ол қандай болады?

- Енді біз Ревю-да шоу-бизнес жаңалықтарын айтатын болсақ, бұл жерде тек қана, шоу-бизнес жаңалықтары емес, сонымен қатар, қонақтарды шақырамыз, ойын ойнаймыз, барлығы еркін түрде, еркін форматта, лайф форматта өтеді, менің ойымша сол жағымен ерекшеленетін сияқты.

- Көрерменді күлдіру оңай шаруа емес, қандай тәсілдер қолданасыңдар?

- Біз шынайы боламыз, артымда тұрған екі әріптесім де, өздеріңіз білесіздер, әзілкеш. Біз қандаймыз, сондай қылып көрерменге көрсетеміз. Ал, біз өмірде өте самоирониясы бар, өте қалжыңға бар және де күлдірте алатын адамдардың қатарына жатамыз деп айтсам болады. Сол үшін біз барынша шынайы болуға тырысамыз, сол жағымен көрерменнің көңілін баурап алатын сияқтымыз.

Көрерменнің көңіл-күйін көтеретін тағы бір жүргізуші – Рауан Рамазан. Еске салсақ, Рауанио НТК көрерменіне жіті таныс. Себебі, Рауан бұған дейін «Вузеры», «Екі езу» және т.б телехикаялар мен бағдарламаларда бой көрсеткен.

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Танысып қойыңыздар, менің жанымда актер, шоумен, красавчик Рауан Рамазанұлы. «OZMZ ғoй» жобасының жаңа жүргізушісі. Рауанио көрермендердің қалай күлдіреді?

Рауан Рамазан, актер:

- Как обычно ғой, сол біздікі сол қуу жаңағы сұрақ қою, КВН-нің стилінде өзіміздің стилімізде ғой. Қолдан келгенше көрермендердің көңіл-күйлерін көтереміз деген ойдамыз.

- Бірнеше ай кастинг жүрді, қалай ойлайсың кастингте не себепті сені таңдады?

- Енді харизма дейді ғой, мен ойлаймын, бірінші очередь харизма, одан кейін жаңағы тапқырлық, камерада өзін жақсы ұстау.

 

«OZMZ ғoй» жобасында жаңа есім де бар. Бұған дейін талай тележобалардың сценарисі ретінде танылған Еркебұлан Бердалиев та эфир тізігін ұстайды. КВН түлегі бұған дейін, «НТК» арнасынан көрсетілген «Ұнайт шоу» резиденті.

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Біле білсек, сен әдетте камера сыртында жұмыс істейсің, енді эфирдесің, қобалжу бар ма?

Еркебұлан Бердалиев, жүргізуші, сценарист:

- Қобалжу бар.

- Дайындық қалай?

- Дайындық өте жақсы, бұйыртса, НТК телеарнаның көрермендерін керемет бағдарламаны, тамашалауға шақырамыз.

- Біздің білуімізше сен сценаристсің, әр түрлі жобаның сценарийін жаздың, осы жобаның да сценарийіне атсалысатын шығарсың?

- Барынша тырысып жатырмын, бірақ онсызда бұл жобада авторлық құрам бар, бұрыннан келе жатқан, сондықтан ол жағынан ешқандай уайым жоқ.

- Көрермендердің көңілін көтеру үшін не істеу қажет?

- Көрермендердің көңілін көтеру үшін, менің ойымша барынша камера алдында шынайы болу қажет болды.

Бағдарлама аптаның төрт күні, яғни дүйсенбі мен бейсенбі аралығында сағат 16-00-де эфирде! Қызықтың бәрі алда, НТК арнасы қосулы болсын!