НТК-да достар туралы жаңа телехикая жарық көрмек!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, тілші:

- Мына аядай пәтерді Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған төрт дос жалдап тұрады. Айына қанша төлейсіңдер?

- Айына ма? 250 мың теңге.

- Сосын хозяйка бәріңнің топырлап тұратындарыңды біле ме?

- Білмейді, негізі білмейді.

Басты кейіпкерлердің бірі – Рауан. Жұмысқа шорқақ. Қыдырғанды жаны сүйеді. Аптасына 7 қызбен кездесуге барады.

Сымбат Сағындық, тілші:

- Рауан, сен «Вузерыдан» кейін қатты танылып кеттің ғой. Сол атақпен капитал жинап, квртира алған шығарсың?

Рауан Рамазанұлы, актер, әзілкеш:

- Иә, Құдайға шүкір, өзімнің үйім бар. Квартирам бар. Қыздар, если что құлақтарыңа алтын сырға. Үйім бар, машинам бар, авторитетім бар. Бірақ, қызым жоқ. Бұл скетчкомда рөлімнің аты – Тәуекел. Мачоның рөлін ойнаймын. Постоянно қыздармен танысамын. Үйленудің амалын істеп жүретін жігіт боламын.

Иә, семейлік серіні сомдайтын ол, бірден бастық болғысы келеді. Бірақ елдер неге жұмысқа алмайтынын түсінбейді.

Рауан жұмыс таппай жүрсе, Еділ ісін ұнатпайды. Амалсыздан учаскелік полицей болған ол, қызмет барысында үнемі келеңсіз жайттарға түсіп қала береді.

Сымбат Сағындық, тілші:

- Шымкентский жігітті ойнайды екенсің. Негізі өзің қай қаладансың?

Еділ Анарбай, актер, әзілкеш:

- Негізі мен Алматы облысы. Шымкентке, Түркістан қаласына, әйгілі «Жарайсыңдар жігіттер» КВН командасына 15 жыл болыпты сол жақта өнер көрсетіп, ойнағаныма. Маған Шымкенттік баланы ойнау ешқандай қиындық тудырған жоқ.

Сымбат Сағындық, тілші:

- Енді формаңа, погоныңа қарап, учаскелік полицей екеніңді көріп отырмыз. Рөлің туралы айтып берші?

Еділ Анарбай, актер, әзілкеш:

- Бұл образ енді «Патрульден» бөлек. «Патрульде» кішкене, қатты... Қалай айтсам екен... Орысшалап айтқанда тупойды ойнайды ғой. Ал мына жерде керісінше, полиция қызметкері ақылды, ақылды кейіпкер.

Рамис болса, универді бітіріп, мамандығымен жұмысқа тұра алмай, даяшы болып кеткен. Көбінесе мейрамханаға келген қонақтармен кикілжіңге түсіп қала береді. Пати деген әкімші қызға іштей ғашық.

Сымбат Сағындық, тілші:

- Рамис, сәлем! Сәлем деп айтшы... Съемканың басталғанына 5 күн болды. Түсірілім қалай өтіп жатыр?

Рамис Құлахметов, актер, әзілкеш:

- Әдеттегідей, өте керемет. Сондай қарқынды. Әзіл проект болғаннан кейін күлкілі.

Сымбат Сағындық, тілші:

- Образың туралы айтып берсең?

Рамис Құлахметов, актер, әзілкеш:

- Есімім Алмас жобадағы. Осы пәтерде, Достық 99 мекенжайында тұратын 4 жігіттің бірімін. Пәтерді жалдап тұрамыз біз. Официантпын негізі. Элитный ресторан деп айтайық, сценарий бойынша. Сол жерде жұмыс істеймін.

Спортсмен, фитнес және бокс жаттықтырушысы, йога мастері. Бұның бәрі Дәулеттің бойындағы қасиеттер. Десе де оның арманы желі жұлдызы болу. Инстада парақшасы бар. Бірақ оқырманы аз.

Сымбат Сағындық, тілші:

- Мына жақта бір красавчик жігіт бар да... Таныдыңдар ма?

Дәулет Үсербай, актер:

- Здравствуйте, не понял?

- Уже образда ғой Дәукең...

Дәулет Үсербай, актер:

- Кейіпкер – Берік деген жігіт. Кейде сабырлы, кейде сабырсыз. Ақымақтау жігіт. Ойланбай сөйлей салады.

- Өз-өзіңді ойнап жатыр екенсің ғой.

Шымкент жоқ дәстүрді ұстанады, семейліктер қу келеді, батыстықтар дөрекі, солтүстік өзгеше ойлайды. «Басты мақсат - ел арасында қалыптасқан осы бір стериотиптерді жою», - дейді режиссер.

Сымбат Сағындық, тілші:

- Дәл қазір менің қасымда Шымкенттен, арнайы шақыртумен келген режиссер - Данияр Әбдінәби және оның командасы тұр. Өзіңіз туралы, командаңыз туралы айтып берсеңіз?

Данияр Әбдінәби, режиссер:

- Біз Шымкент қаласынан келіп, командамызбен алғашқы сериалымызды түсіріп жатырмыз. Ақарыс пен Үсен екі оператор. Өзім режиссер. Асылхан ассистент болып келіп отыр. Біз алдында көптеген документальный фильмдер мен рекламалар түсіргенбіз.

Одан бөлек, топтағы операторлар жастар арасында кең етек алған веб-сериалдарға да атсалысқан екен. Солардың бірі – Ақарыс Тәңірберген.

Ақарыс Тәңірберген, қоюшы-оператор:

- Шымкентте бізде «Миллион» командасы, «Жездуха» деген сериал бар. Сол жақта жа оператор болып қатысқанмын. Енді бұл қатысып жатқан екінші сериалым.

Сымбат Сағындық, тілші:

- Дәл қазір түсірілім жұмыстары жүріп жатыр. Не болғанын, қалай шыққанын, көктемгі жаңа маусымда білетін боласыздар. Күтіңіздер. Қызық болады.