Экс-кешьюлік Элизат Берікова енді бизнесвумен!

Сообщить о проблеме с эфиром

Айдана Мәулен, журналист:

- Мейкап әртіс атанған Элизат Берікова бүгін өз сұлулық салонын ашуда.

Сәлем, Элизат, қалайсың?

Элизат Берікова, әнші:

- Сәлеметсіздер ме, қалайсыздар, қош келдіңіздер!

- Қош көрдік! Қазір көз алдарыңызда өнер иесі мені осы шараға арнайы дайындайды. Нәтижесін санаулы сәттен кейін бірге көреміз.

- Менің бетімді кешьюлік Элизат Берикова әрлейді деп ешқашан ойламаппын!

- Бүгін енді открытияға қонақ болғаннан кейін бояп жатырмын. Негізі ақшаға бояймын.

- Осы тұста сұрай кетсем, қаншаға бояйсың?

- Біз қазір макияжды 5 мың теңгеден деп қойдық. Ол өте арзан баға.

- Баян Алагөзова бір сұхбатында топтағы қыздардың бәріне беттерін өздері әрлеуді үйретемін деген еді. Сол рас па?

- Иә, содан басталды ғой негізі. Ол 2015 жыл болды, Санди Бексырғадан біз «Сам себе визажист» курсын өткен болатынбыз. Өз-өзіңді бояу. Енді қазір, қанша жыл өтті, бір 6-7 жыл өткеннен кейін мен соны өзім оқытып жатырмын.

- Сонда сенің сұлулық индустриясына бет бұруыңа Баян ханымның үлесі бар деп айтуға болады ғой?

- Иә, әрине. Ол жақта бізге тек бет әрлеу емес, шашыңды да жасау, бүкіл образдар қалай келу керек соның бәрін үйреткен болатын.

Элизат Берикова 2018 жылы Баян Алагөзованың қол астынан өз еркімен кетіп, тұрмыс құрды. Дегенмен 2021 жылы күйеуімен арасы суып, екі жаққа кеткенін айтқан еді. Бүгінде өнер әлемінен уақытша қол үзген ару, 2 баласын асырау үшін бизнестің ауылынан бір-ақ шықты.

Айдана Мәулен, журналист:

- Жалпы, шоу-бизнестен бизнеске көшу қиын болды ма?

Элизат Берікова, әнші:

- Қиын, өйткені мүлде екі бөлек нәрсе. Сахнада тұрып ән айту мен бизнес жүргізу өте бөлек екі жақты нәрсе. Әдемі болып келіп, ән айтып шығып кету емес бұл жерде. Өзің басынан аяғына дейін жүріп, өзім осы жерде уборщица да болдым. Өзім бет әрлеуші де болдым. Бәрі болған шығармын осы жерде.

- Клиенттерің көбіне өнер жұлдыздары ма? Әлде қарапайым қыздар ма?

- Бәрін, кім келеді, кім отырады, сізді де боядық қой бүгін. Сол сияқты кім келеді, кім отырады, бөлмеймін ешкімді.

- Сен жасаған мейкап клиентке ұнамай қалған кез болды ма?

- Бір рет болды. Өтірік айтпай-ақ қояйын. Бір рет болды. Ол қыз сондай ұнатпай қалды макияжды. Бірақ макияж өте әдемі болып шықты. Бірақ ол қыздың өзіне солай ұнамай қалды. Кешіріңізші, сүртіп тастайыншы, маған ұнамай қалды деді. Мен: «жарайды, сүртіңіз, ол сіздің қалауыңыз» дедім.

- Бұл жердегі үлкен күш – ол сенің командаң! Айлықтарын уақытылы беру, ғимаратты жалға алу деген сияқты қаржы мәселелерді өзің шешесің бе?

- Өзім істеймін бәрін. Қыздардың зарплатасын да өзіміз береміз.

- Элизат пысық...

- Иә, пысық-пысық. Бәрі маған айтып жатады: «сен осы жатпайды екенсің, бөпелерің кішкентай ғой, қалай жұмыс істейсің?» деп. Айтқым келеді қыздарға ешқашанда ешқандай предел жоқ. Өмірде жалпы, ой менің балаларым кішкентай әлі, менің күйеуім бар, күйеуім ұрсады, енем қарсы деген ондай болмау керек деп ойлаймын.

- Қазір балаларыңды кім қарап отыр?

- Қазір үлкен ұлым садикте, екінші ұлымды бұйыртса жіберемін. Өйткені, сәл кішірек. Қазір күн салқын, ауырып қалады. Мамам қарап отыр үйде.

- Қазіргі табысың бұрынғы бір гастрольдік сапарыңмен салыстырғанда қанша есе көп?

- Қазіргі табыс бұрынғы табысқа қарағанда, әрине, әлдеқайда үлкен. Қазір табыс көбірек.

- Сол кездегіден қарағанда қанша есе көбірек?

- Ой, айта алмаймын.

- Екі-үш есе ме?

- Одан да көп!
- Міне, аз ғана уақыттың ішінде Элизат мені бүгінгі кешке толықтай дайындады. Қалай? Өзіме мейкап ұнап тұр!

- Ендеше, бірге қонақтарды күтіп алайық, иә!

Элизатты құттықтап келген қонақтардың арасында бір кәсіпті дөңгелетіп отырған актриса Дариға Бадықова ерекше көзге түсті. Берікованың өнердегі әпкесі әншіге жаңа бастамасының лентасын қиып берді.

Айдана Мәулен, журналист:

- Элизат сіздің өнердегі сіңіліңіз, әріптесіңіз деп айтса да болады, өзіңіз мейкап жасатар ма едіңіз?

Дариға Бадықова, актриса:

- Әрине, енді біз көп жерге баратын болғандықтан жасатасың, осындай сіңлілеріміз салон ашылып жатқан кезде, әрине, қуанасың.

- Сіздерді халық біледі, таниды ғой, танымалдылықтарыңыз бизнестеріңіздің жүруіне әсер етеді деп ойлайсыз ба?

- Әрине, әсер етеді. Танымал адамға жеңілірек. Өйткені, артыңда қанша көрермен бар. Қанша оқырман бар.

Элизат енді сахнаға қайта орала ма, жоқ па ол жағы белгісіз. Өнер иесі бір сөзінде: «Егер әншіліктен кетіп жатсам, визажист боламын», - деп айтқан еді. Анығын, уақыт көрсетер...