Серік Ибрагимов 2 миллионға клип таспалады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Дәл қазір біз әншілердің бейнебаян таспалау процесін тамашалайтын боламыз! Мына площадкада Серік Ибрагимов кезекті бейнебаянын таспалап жатыр. Клипке қанша қаражат кетті, дайындық қалай өтті? Түсірілім алаңындағы ішкі кухняны бірге көрейік!

Ауқымды локация мен 50-ге жуық адамнан құралған команда! Серік Ибрагимов кезекті бейнебаянына біраз уақыт дайындалған-ды. «I bye u» атты трекке клип таспалауға кіріскен әнші, басты рөлге өзі емес, өнердегі әріптесі Әбдіжаппар Әлқожаны арнайы шақырған.

- Біздің білуімізше, ырғақты әнге бейнебаян таспалайын деп жатыр екенсіз, бірақ сізде көбінесе лирикалық әндеріңіз хит атанып жатады, жанр өзгертуге не себеп болды?

Серік Ибрагимов, әнші:

- Бұрын-соңды түсірмеген бейнебаян болып тұр. Себебі, басқаша образ, заманауи бағытқа сай.

- Бүгінде білесіз, бейнебаян түсіру трендте емес, көбінесе mood video түсіреді, шығын аз дегендей...

- Осындай бір качественный дүние жасайық деп шештік, қаншама жыл болды осы саламен келе жатқанымызға.

- Қанша жұмсадыңыз ауқымды бейнебаянға?

- Бір-екі миллионға жақындап қалды.

- Площадкадан байқадық, көптеген танымалдар жүр екен, бұл «маркетингтік ход» па?

- Қазіргі тілмен айтқанда, краш дейді ғой.

- Сұранысқа ие танымалдарды шақыру қаншалықты қиын болды, гонорар төледіңіз бе, әлде дос ретінде келді ме?

- Негізі, жалпы дос ретінде қолдаумен келеді көбісі. Бірақ Мансұр гонорар сұрап жатыр.

- Қанша сұрады?

- Сағаты 250 мың теңге деді, 3 сағат түсіретін болсаң, 750 мың. Енді сөйлесіп жатырмыз, переговор жүріп жатыр.

- Жоқ, енді сұрадың ғой, келісіп жатырмыз ғой енді.

Әбілмансұр Серіков, кино және театр актері:

- Берсей, берсей,

- Енді келісіп жатырмыз ғой, қымбатты көрермендер, келісіп жатырмыз!

- Ақшамды бермей жатыр.

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Деньги вперед деп айтпайсыз ба?

- «Сосын, сосын» деп, алдап жатыр, қазір түсіріп болғаннан кейін, «брат, тойыңа кіріп беремін ғой» деп алдай салмақшы ғой мені.

- Әй, шындық ащы болады, иә.

 

Креативке толы бейнебаянда Әбілмансұр Серіков пен Қобыланды Болат та бой көрсетеді. Еске салсақ, қос актер «5:32» веб-сериалынан кейін трендтен түспей жүр.

Әбілмансұр Серіков, кино және театр актері:

- Енді Серіктің айтуы бойынша «краш» деді ғой, білмеймін ғой.

- Танымалдарды түсіру – маркетингтік ходқа жатады, соған қаншылықты сенесің?

- Енді солай ғой, себебі әр нәрсенің өз дәуірі болады ғой, сол дәуірді пайдаланып қалмақшы да Серік. Себебі, өзі бүйтіп өшіп бара жатыр, хиттері, тойлары да жоқ, біздің арқамызда шығып кетпекші ғой. Серік, оңбағансың!

Қобыланды Болат, кино және театр актері:

- Мен бірінші крашпын!

- Бейнебаянда әрбір актер өзінің бір образы болады, сенің образың қандай болады бұл жерде?

- Просто краш! Кадрда появлением бар и уход бар, болды. Бар болғаны сол, десең иә?..

- Міндетті түрде бейнебаяннан Әбілмансұр мен Қобыландының образына баға беріңіздер!

Міндетті түрде! Сосын астына тіркеліп, коммент жазып кетіңіздер, кім бірінші екенін.

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Серік Ибрагимов мына үлкен фотостудияны бір түнге жалға алған. Бұл жерде бөлмелер өте көп, әрбір бөлмеде 10-15 адам жұмыс істеп жатыр.

Ал, мынау грим бөлмесі, грим бөлмесін көрейік, жұлдыздар дайындалып жатыр. Мына жерде Әлішер жүр, біз танитын - Bigsher. Бұл жерде не істеп жүргенін сұрайық.

- Енді біз білеміз, Серік сенің продюсерің, бұл алаңда не істеп жүрсің көмектесіп жүрсің бе?

Bigsher, рэпер:

- Ұйымдастырушымын. Ұйымдастарамын, актер актрисаларды шақыртамын, жинаймын.

- Көмектесу, административный жұмыстардың бәріне ақша, қаражат аласың ба? Гонорар ретінде?

- Өте көп аламын десең иә... Ондай жоқ, біздікі қазақша ғой кәдімгі, «братишка, бар жұмыс істе!» деген сияқты.

Ибрагимовтың клипіне режиссерлық ету Мерей Махановқа бұйырған. Киногер әрбір кадр арқылы инстаграмға тәуелділік, жастардың ойын-сауық кештерде қыдыруы сынды тақырыптарды қозғамақ.

Мерей Маханов, актер, режиссер:

- Серіктің репертуарында жалпы ондай бейнебаян болған жоқ деп ойлаймын. Ерекше, басқа қырынан көрінейін деп тұр.

- Серіктің актерлік шеберлігіне қандай баға бересіз, режиссер ретінде?

- Ол өз-өзін емін-еркін ұстайды, маған керек тапсырманы орындап, оны екі есе жанын беріп жұмыс істейтін азаматтардың бірі.

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Үлкен еңбек пен қыруар қаржыны талап еткен бейнебаянның түсірілімі таңға дейін жалғаспақ! Ал туындының тұсауы наурыз айында кесілетін болады.