Сымбат Сағындық, тілші:
Меховая 8/1 тобын бүгінде тек осындай жұлдызды кештерден ғана кезіктіре аламыз. Жігіттердің бәрі жан-жақта жүреді. Бастары бірігетін сәт сирек. Енді осыны пайдаланып, оларды әңгімеге тартып көрсем. Қандай жаңалықтары бар екен?
- Жігіттер, қалдарың қалай?
Меховая 8/1 тобы:
- Сәлем, сәлем! Күшті!
- «Қызық Live-тың» съемкасында қайдан жүрсіңдер? Неге сендерді шақыра береді?
Жандос Самалбеков, әнші, әзілкеш:
Енді ол сұрақтың барлығын білетін әрине ол – Қанай.
Нұрболат Қанай, әнші, әзілкеш:
Короче, біздің «Ақ көйлек, көк көйлек» дейтін өлең хит болып кетеді ғой. Сөйтіп біз тойдан босамаймыз.
- Кет, ондай әңгіме айтпа! Мына жеріңде кәдімгідей «Әнші» деген не тұр ғой...
- Ойнап айтамыз, енді қалай айтсам болады...
- Бұл сұрақтың жауабын Қабдол біледі.
Қабдол Тілеков, әнші, әзілкеш:
- Келесі жобадан бастап біз жүргізейін деп жатырмыз.
- Ешкімге айтпаңыздар, бүгін эксклюзив.
Әрине, бұл жігіттердің әзілі. Қазақстандық түрлі жобаларға хиттан-хит жазып жатқандықтан, жиі шақырту алады.
- Тойға шашу деген тректерің аудио нұсқасы 21 миллион просмотр жинады. Бірақ клип 4 миллионға жетпей қалды. Неге деп ойлайсыңдар?
- Ол клип па? Ол просто «К» ғой тек. Біз тойға бара жатқанда, жүгіріп жүріп түсіріп алдық, әйтеуір. Ол кезде шынымен де тойда жүрдік біздер.
- Жалпы негізі жеке жеке айтып өтсеңдер. Не жаңалық болып жатыр? Үйленгеніңді білеміз. Басқа?
Қабдол Тілеков, әнші, әзілкеш:
- Басқа сол.
- Үйіне кеше дерзкий спальный диван, пультпен ашылатын перде алды және де телевизор алды.
- Үйді ремонттап жатырмыз сол. Басқа жаңалық жоқ ешқандай. Жандос 221 мерс алды.
- Биылға дым жоқ. Ондай жаңалық жоқ. Айтпақшы, Меховая 8/1-дің жақында тағы да ютуб арнасында неше түрлі қызықты видеолар. Біздің тойымыз да, видеомыз да, биіміз де, контент, еркін видео, сериалға дейін кеткіміз келіп отыр.
- Қанай сенен сұрағым келіп тұр, кәсіби продюсермен жұмыс бастапсың иә?
Нұрболат Қанай, әнші, әзілкеш:
- Кәсіби дегенде енді, кәсіби емес енді. Жалпы бизнес жағынан келгенде кәсіби де енді, шоу-бизнес жағына келген кезде кішкене хромает деген сияқты ғой. Бір-бірімізге көмектесіп жүрміз.
- Продюсері бар. Өзі жеке әндер шығарып жатыр, альбом шығады скоро. Соның бәрін айтсаңшы енді?
- Болды ғой айтып тастадың ғой, несін айтасың?
- Той сезоны басталды ма?
- Иә, мен өзім қол қойдым кеше бастаңдар деп.
- Сонда мен не ат шабуда жүрмін бе или ЦОН-да охрана болып жұмыс істейді деді ме? Неге Қабдол үшеуіміз де тойға шығамыз.
- Жандос басқарады, мен беташамын, Қанай ән айтады.
- Топ болып тапқан алғашқы гонорарларың естеріңде ме?
- Топ болып тапқан... Гонорарымыз...
- Жоқ, осы жақында топ болып тапқан...
- Алғашқы деп тұр...
- Ең алғашқы тойдан таптық қой. Үшеуіміз тойға шыққан кезде.
- Мың доллар шығар. 400 шығар.
Сымбат Сағындық, тілші:
Бүгінде жігіттердің гонорарлары өскен. Сөздеріне сүйенсек, Қабдолдың бір бет ашқаны 400 мың, Жандос тойды 600-ге басқарса, Қанай 500 мыңға қуанышыңызда ән айтып кетеді.
- Үшеуің шыныменде үш жақта жүресіңдер, бастарың сирек бірігеді. Бірақ сонда да топтың жұмысын жақсы дамытып жатырсыңдар?
Қабдол Тілеков, әнші, әзілкеш:
- Бізде продюсер жоқ қой просто. Біздер просто резиновыймыз ғой. Мысалы, біз жеке-жеке шықсақ та, «Ақ көйлекті» өзіміз айта береміз. «Ол қызды» қосып айтасың ғой еще. Бізде шектеу жоқ. Ешкім бізді қыспайды. «Бүйтпеңдер, сүйтпеңдер!» дейтін жоқ.
- Сұқбат соңында блиц-сауалнама жүргізсем деймін, яғни жылдам жауап берсеңдер. Араларыңдағы жолы болғыш адам кім?
- Қанай.
- Кім таланттырақ?
- Қанай.
- Кім еңбекқор?
- Қанай
- Шынымен, Қанай ма?
- Шынымен Қанай! Блокнотқа жазып жүреді. Ертеңгі күнін просто, тамақ ішем десе, тамағына дейін блокнотқа жазып жүреді. Уақытымен.
- Негізі көрермендерге айта кетейін, қазір сағат түнгі 10. Жігіттердің энергиясы тасып тұр. Әрі қарай түсірілімдеріңе сәттілік!
Меховая 8/1 тобы:
Құрметті, НТК арнасының көрермендері, ешқашан да, никогда не переключайте! Всегда будьте с нами! Ревю!