Ең стильді отандық жұлдыз кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, тілші:

Алтынай Жолдыбаева, Алина Ким, Айжан Байзақова! Атышулы сылқымдарды ерекше стиль байланыстарды. Көпшілік үшін сәнқой көрінетін жұлдыздардың образын бүгін нағыз мамандар бағалайды!

- Сіз үшін отандық ең сәнді жұлдыз кім?

Аида Кәуменова, дизайнер:

- Мен адамдарды сәнді және сәнді еместерге бөлмеймін. Мен дизайнер ретінде, адамдарды сынамаймын.

- Сынамаймыз, бірақ сәні мен сымбаты келіскен аруларды айтпасақ айып болар. Мәселен, сәнді жұлдыздар қатарында Алтынай Жолдыбаеваны айрықша атауға болады. Әнші эпатажды образы мен мінсіз мүсінінің арқасында ел назарында. Кіші Жолдыбаева тіпті стрит стайл look-тарды классикамен араластырып, сексуалды көрінуге тырысады.

- Өте керемет «street style», маған ұнап тұр. Все в тренде, очень не плохо да. Негізі, әртістің өзінің ампуласы болады, өзінің характері болады, өзінің бір адамдарға қалай өзін көрсету деген имиджі болады. Сол имиджға қарап, қалай киінсе де өздері біледі.

- Ашық образдарға көзқарасыңыз?

Әлия Әбдімәжіт, дизайнер:

- Заманға сай, қазір оған енді тыйым сала алмайсың.

- Мен сізге жас әнші блогерлердің суретін көрсетсем, образдарына баға берсеңіз?.. Мысалы, Алтынай Жолдыбаева «street style» образда.

- Жақсы, стильно, өте стильно.

- Тоже сексуально стильно.

Ерлан Жолдасбек, дизайнер:

- Алтынай Жолдбываева образы қалай сізге?

- Өте керемет

- Мұндай стиль маған ұнамайды!

- Ашық болғанына байланысты ма әлде қалай?

- Иә, өте ашық.

- Нуууу..... болады.

Блогерлер арасынан Айжан Байзакованың әрбір образы жұрт талқысында. Әсіресе, атышулы актрисаның ашық-шашық киінуі қалыпты жағдайға айналған-ды. Еске салсақ, желі жұлдызы концерттерді жүргізуге де батыл образда сахнаға шыққан еді.

Ерлан Жолдасбек, дизайнер:

- Көйлек әдемі, бірақ, не знаю это...

- Все образы красивые да, есть место, то есть надо выбирать куда это одевать. То есть на улицу вот так не выйдешь.

Әлия Әбдімәжіт, дизайнер:

- Енді олар «икона стиля» деп айта алмаймын, блогерлардың бәрін де, ол үшін вкус дейді ғой, ол ананың қанымен келеді, это по венам.

 

Бүгінде тикток жұлдыздары да трендте. Әсіресе, Хомяк есімімен танымал, Алина Кимнің ашық жарқын образдары жастардың көңілінен шығып жүр. ТМД-ға атақты блогер тіпті танымал журналдардың мұқабасына модель атанған-ды.

- Қазіргі таңда тиктокерлер трендте, оларды бақылап отырасыз ба стильдерін, өте ашық-жарқын киінеді?

Ерлан Жолдасбек, дизайнер:

- Өте ашық-жарқынды мен, шындап айтқанда қолдамаймын.

- Не себепті?

- Өйткені, у нас другой менталитет. То есть я всегда в коллекциях, стараюсь совместит Европу и восток.

Әлия Әбдімәжіт, дизайнер:

- Жастардың образдарын бақылаймын, бірақ енді біз басқа кішкене поколениямыз ғой. Біз енді өзіміздің уақытты, содан кейін, бұрынғы заманды, жаңғыртқымыз келеді.

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Бүгінгі таңда білесіз, желіде тиктокерлер трендте, олар қазіргі таңда мерч шығарып жатыр өз аттарынан. Сізбен бірге коллаб жасайық десе, қалай қарайсыз, оларға киім беруге?

Аида Кәуменова, дизайнер:

  • Мен ондай коллаборацияларға ашықпын. Өйткені, осы өмірде болып жатқан трендтерді қабыл алу керек міндетті түрде. Ешқашан ойламау керек, ой осы үшін мен дайын емеспін дегендей иә.

Стильді жұлдыздар дизайнерлер үшін шабыт сыйлайтыны жасырын емес. Мәселен, әнші Лидо сәнгер Тамара Ламанукаевамен бірігіп бренд жарыққа шығарған еді. Оған қоса, Меруерт Түсіпбаева да жас дизайнер Кука Каратаев есімді шебермен ортақ коллекция ұсынған.