Дастан Оразбеков мачо ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Бүгін «Ревю» ұжымына мынандай әдемі сыйлық келіпті, көрейік, апельсин сияқты. Бұл «Почти мачо» фильмінің жабық көрсетіліміне шақырту сияқты, міндетті түрде барамыз! Көрейік, кеттік!

- Мінекей біз «Почти Мачо» фильмінің тұсаукесеріне келдік. Барлық қызықты бірге көрейік!

«Почти Мачо» фильмінің тұсаукесері жұлдыздарға арналған фотосессия алаңына айналды. Біраз уақыт бір-бірімен жүздеспеген шоу-бизнес өкілдері, фильм басталғанша бір-бірімен суретке түсіп, сағыныштарын басуда...

- Бүгінгі кештің мачосы Дастан Оразбеков! «Орда» тобының әншісі үшін бұл толықметрдегі алғашқы образдарының бірі.

- Фильмге қалай тап болдыңыз?

Дастан Оразбеков, әнші:

- Бір видеопробадан кейін «Дәке, ойнасаңыз қалай болады?» деген ұсыныс келді. Мен «жақсы» дедім.

- Фильмде сахнадағы әріптесіңіз Кәмшәт Жолдыбаевамен бірге ойнайды екенсіз, арадағы connect" қалай орын алды?

- Әрине енді біз бір-бірімізді бірнеше жыл білеміз, *ол актриса мен актермін, оның ешқандай қиыншылығы туған жоқ деп ойлаймын.

- Енді фильмде сіз танысу агенттігі арқылы қыз іздеп жатасыз, өмірде таныстыңыз ба сондай сайттар арқылы?

- Жоқ, ешқашан.

- Ал, әйеліңізбен қалай таныстыңыз?

- Әйеліммен бізді құрбымыз таныстырды. «Сіздердің фамиялияларыңыз бір танысып қойыңыздар» деп))

- Фильмде ұялшақ жігітті сомдайсыз, өмірде мінезіңіз қандай?

- Негізі өмірдегі мінезім, тіпті бөлек. Енді мачо деп образға кіріп мачо болдық. *Жалпы енді қарапайым жігітпіз.

- Ал, өзіңізді мачо деп есептемейсіз бе сонда?

- Оны мен санамаймын, оны мен айта алмаймын. Оны менің сүйіктімнен сұрау керек.

- Әйеліңізден сұраймыз ба?

- Журналист идет к жене Дастана

Жанат Серікжанқызы, Дастан Оразбековтың жары:

- Сізден сұрасам бола ма, бірақ сұрақ...

- Дастан аға айтып жатыр, әйелімнен сұраңдар мачомын ба емес па деп, *күйеуіңіз өмірде мачо ма?

- Жоқ.

- 00:16 Сырт көзге ол кісі, мачо сияқты көрінеді ғой?

- Енді үйде басқаша, сырт көзге басқаша.

- Үйде қандай ол кісі?

- 00:27 Өте сабырлы.

- Көп-көп рақмет!

 

Кеш жұлдызы Дастан ғана емес, Әбунасыр Серіков те басты назарда. Актер лентада Оразбековтың ағасын сомдайды. Ал, романтикалық комедия жасы 30-дан асқан Дамир есімді жігіт жайлы. Ол анасының талабымен үйлену үшін танысу агенттіне жүгінуге мәжбүр.

Әбунасыр Серіков, актер:

- Фильмде ұлыңыз Дастанға қалыңдық іздейсіздер? Өмірде балаңызға қалыңдық іздеген сәттер болды ма?

- Әркімнің өзінің ұнатқан ортаға түсетін нәрсе емес қой ол, мүмкін болашақта болуы мүмкін. Осы жақсы жерден, текті жерден алу деген. Кезінде құдалықты не үшін түсірген, Абай атамыз сол құдалықтан, құда түсіп алғаннан, Абай атамыз дүниеге келген, Құнанбай атамыз. Сол себепті құдалық деген нәрсенің өзі де керемет нәрсе ғой.

- Дастан Оразбековтың актерлық шеберлігіне, өзіңіз кәсіби актер ретінде баға бере аласыз ба?

- Дастан «Почти Мачоға» дейін талай киноларға түсті ғой, мен ойлаймын, өзінің рөлін алып шықты деп. Себебі ол орысша айтқанда «пахарь» дейді ғой. Жұмыс істеді, сезінді, енді оны мен ойлаймын, көрермендер өзі баға береді деп, себебі ол сыншы халық.

- Ұлыңызбен бір сахнада, бір түсірілім алаңында болдыңыз...

- Жо-жоқ мен болған жоқпын, себебі біз екеуміз кездескен жоқпыз. Ол Дастаннның досы болды.

- Мүлдем көрмедіңіз ба?

- Жоқ, көрмедім. А, будущий де, кинолар болса бірге уже режиссерлар айтып жатыр бірге киноға түскенге сол кезде кездесеміз, рингте кездесеміз)))

Әке мен бала түсірілім алаңында кездеспесе де, тұсаукесерде бас қосты. Бүгінде Әбунасыр Серіковтың ғана емес, Әбілмансұрдың да атағы шарықтап тұрғаны жасырын емес.

Әбілмансұр Серіков, актер:

- Енді фильмде бас кейіпкер қыздармен танысу агенттігі арқылы танысып жатады, өміріңізде ондай болған ба?

- Жоқ, менің өмірімде ондай болған емес, мен таныссам барып таныса саламын.

- Ал, қыздар мүмкін инстаграмда жазатын шығар дайректке, ондай болған ба жиі?

- Иә, әрине.

- Қандай жауап бересіз?

- Енді сұрақтарына байланысты.

Қобыланды Болат, актер:

- Есть?

- Экшн!

- Дәл бүгін Әбілмансұрды қолдап өмірдегі, өнердегі досы Қобыланды Болат арнайы Нұр-Сұлтан қаласынан келіп отыр.

- Қобыланды қош келдіңіз!

- Бүгін гениальный актер, величаийший актер, Әбілмансұр Серіковты тізгіндес болып, қуанышын бірге бөлісуге шын ниетіммен келіп жатқан жәй менде қазір.

- Бас кейіпкер Дастан аға қыздармен агенттік арқылы танысып жатады, өмірде болған ба танысу сайттарында отырып пе едіңіз?

- Мен ба?

- Иә

- Ой, жоқ ондай болған жоқ вроде... хмммм десең иә)

- Бүгінде қыздар жиі жаза ма дайректке болсын?

- Жазады, жазады, еще как жазады!

- Жауап бересіз ба?

- Шама келгенше.

Су жаңа кинотуындыны алғаш болып тамашалауға келгендер арасында бас кейіпкер Кәмшат Жолдыбаева көрінбеді. Әнші әрі актриса шетелде жүруіне байланысты келген қонақтарға видео сәлемдеме жолдаған-ды. Ал, Кама туындыда, Дастанға қыз іздеуге көмектесетін танысу агенттігінде қызмет істейді.

Сондай-ақ, комедияда Индира Еділбаева, Данагүл Темірсұлтанова, Ирина Ажмұхамедова бой көрсетеді. Туынды 17-ші ақпаннан бастап үлкен экрандарда жарық көрмек.