Отандық кинотеатрларда топ жарған фильмдер тізімі анықталды! Көптен күткен «Қазақша бизнес Түркияда» лентасы өткен аптада 56 млн-нан аса пайда тапқан. Көрермен арасында кеңінен танылған франшизаның бесінші бөлімі Стамбұл қаласында таспаланған еді. Бұл жолы картинада Жомарт Қанатұлы шетелден қонақүй сатып аламын деп, алданып қалады.
АҚШ пен Ұлыбритания елдері бірігіп таспалаған «King’s Man» фильмі Бокс-офистың екінші сатысында. Атыс-шабысқа толы лента 32 млн-ға жуық касса жинаған. Режиссер Мэттью Вонның туындысы тыңшылардың батырлығы жайында.
Кассалық жиынның үздік үштігін 21 млн-мен «Крик» лентасы түйіндейді. Бұл аты аңызға айналған үрейлі картинаның бесінші бөлімі. Слэшер жанрында түсірілген триллер Вудсборо қаласында болған қанды оқиғаны 25 жылдан кейін ашпақ болатын жасөспірімдердің оқиғасын баяндайды.