Биыл Жания Джуринскаяның өнердегі әріптесі Жанель Мақажан да қалыңдық атанған-ды! Алайда, Жанельдің үлкен тойы болмады. Қалың көпшілік мерекелік кешті әлі күнге дейін күтіп келеді. Актрисаның ендігі жоспары қандай?
Жұлдызды жұп неке қию, сырға салу, құдалық сынды маңызды күндерін атап өтті. Алайда, Жанель Мақажан мен Абай Асылхан үйлену тойын дүркірете атап өтуге аса құлықты емес көрінеді.
Жанель Мақажан, актриса:
- Бізде ия бір ойымыз болған бірақ ол қазір басқа планға өзгеріп кетті сондықтан әзірше құпия ретінде қалдырайын. Енді бұйырса Абайдың 1-2 проекттері бар сол біткеннен кейін, сол жоспарымызды қолға алсақ деп отырмыз.
Биыл Дидар Кәден екінші рет шаңырақ көтерді! Әншінің көзі өзінен 5 жас кіші Лейла есімді аруға түскен. Дидардың жары да шығармашылық әлемінен алшақ емес, балет артисі. Өнерлі отбасының үлкен тойы болмаса да, ырымын жасап кішігірім атап өтіпті.
Дидар Кәден, әнші:
- Карантин талаптарына сай жасауға тырыстық. Бірақ біз үлкен той жасаған жоқпыз. 70 адамдық түсте беташар той болды. Кешкі сағат 5-ке дейін, 4 сағат көлемінде беташар болды. Әріптестерім келіп құттықтады. Өнердегі апайларым құттықтады.
Биыл «Бір болайықтың» танымал жұбы – Ислам мен Шынар да шаңырақ көтерді! Халық сарыла күткен той болған соң, олар қуаныштарын дүркірете атап өтуге тырысқан. Бірақ, салтанатты жиынды ұйымдастыру жас отбасыға оңайға соқпапты.
Ислам Алтайбаев, «Бір болайық» қатысушысы:
- Тойға негізінде бір 2 айдан аса уақыт кеткен шығар. Алматы қаласы қалай болар екен, жаңағы қызыл аймаққа кірді деген сияқты, сары аймаққа кірді деген сияқты. Сол себепті нақты өзімізде біле алмадық, осы уақытқа дейін. Бірақ енді жақындарымызға барлығына осы уақытта мүмкін деген сияқты 1-2 күн ойнатып айтып отырдық. Болмай қалу да мүмкін деген сияқты.
Сондай-ақ, көптің есінде ерекше Біржан Әшім мен Диана Алиеваның тойы қалды. Табиғат аясында өткен салтанатты жиынға шоу бизнестің шоқ жұлдыздары қонақ болды.
Мақпал Исбекова шілде айында ақ келін атанған-ды. Бірақ әнші жақындары арасында ғана қуанышын атап өткен көрінеді. Ал, жақында қалыңдық статусын ие болған Назым Әбілдина ұзату тойына қызу дайындық үстінде жүр. Көйлегін танымал дизайнер Аида Кәуменованың өзі тігуде.