Кей жұлдызы жұптар «ең сәнді» аталымына ие болуда!
«Vogue» басылымы стильді ғашықтар тізімін ұсынды. Эпатажды өнер иелері Cardi B мен Offset бұл тізімнен бірінші болып табылды!
Cardi B мен Offset-тің әр халық алдына шығуы бөлек бір оқиға десек, артық болмас! Олардың әр образы фэшн мамандарының талқысынан түспейтіні тағы бар. Әсіресе жұлдызды жұптың Баленсиага брендінде төбе көрсетуі әлі де халық есінде.
Ал Джастин және Хейли Бибер стрит стайл насихаттаушылары ретінде тізімнен табылды! Дизайнерлік үлгілерді күнделікті киімдермен тоғыстыра білген олар да стильді жұптардың бірі.
Рианна мен A$AP Rocky-дің Met Gala-дағы образдары жарқын болғанына ешкім шүбіә келтіре қоймас! Көрпені еске салатын күртешелер көпке децін таблойдтардан түспеген еді. Елді елең еткізгенді жақсы көретін жұптың да «сәнді» атануына толықтай негіз бар!