Гүлдана Мұқан, тілші:
Рүстем аға, қайырлы кеш! Қалыңыз қалай?
Рүстем Жаныаманов, актер:
- Жақсы
- Мен бір қызық жағдай естідім, сізді «жеңіл жолмен» ақша тауып жүр дейді, бұл қаншылықты рас?
- Мен қателеспесем, сіз киноның желісі бойынша айтып тұрсыз, иә? Өмірде ондайым жоқ, құдай сақтасын!
- Әрине, бұл қалжың, бұл сіздің жаңа «Жеңіл жүрісті ағалар» деген картинадағы образыңыз.
Осылайша, өнеріне өзгешелік енгізуден қорықпайтын Рүстем Жаныаманов кезекті фильм үшін, ерекше образға барды. Фильмде жеңіл жүрісті Айдарды ойнайтын актер, кино арқылы достық деген ұғымның бағасыз екендігін тағы бір дәлелдегендей...
Рүстем Жаныаманов, актер:
- Cценарий өте қызық жазылған, бұл жерде амалдың жоғынан... Яғни, досы бәлеге ұрынып қалады. Сол досын құтқару үшін сондай әрекеттерге барады. Бірақ енді киноның атына қарап шошымай-ақ қойыңыздар деп айтқым келеді. Өйткені кино мүлдем ол туралы емес. Кино достық туралы. Менің бірде-бір басқа рөлдеріме ұқсамайды, өте өзгеше, өте бір ыңғайсыз тұстары да болды...
Гүлдана Мұқан, тілші:
- Байқағандарыңыздай, бүгінгі тұсаукесерге шоу-бизнес өкілдерінің барлығы түгелдей жиналған сияқты. Ал мен, бұл фильмде басты рөлдің бірін сомдаған Олжас Әлжановпен тілдескім келіп тұр. Ендеше, кеттік, Олжасты тауып алайық!
- Олжас, қайырлы кеш, тұсаукесермен құттықтаймын! Әрдайым «мачоның» образындасыз, неліктен?
Олжас Әлжанов, актер:
- Өйткені, мен өмірде де мачомын десең бе?.. Енді білмеймін, сол режиссерлердің, продюсерлердің көргені бойынша образымыз значит сондайға келіп тұр. Мачо, батыр, военный актер үшін әртүрлі образдарды ойнау ол өте керемет.
- Ал фильмдегідей шақыртулар бола ма өмірде?
- Қалай?
- Қыздар тарапынан шақыртулар...
- Енді менің әйелім бар ғой қазір десең бе... (күледі) Жоқ, әрине, ондай бойдақ кездерде шынымен де әртүрлі қызықты жағдайлар болды. Бірақ қазір үйленгелі, отбасылы болғалы ондай бір нелер жоқ, жұмыс барысында барлығы дұрыс. Әйелім, көріп тұрсаң, если что деп қояды дейді.
- Ал, байқуатты, жағдайы жоғары әйелдер тарапынан, мүмкін рөл үшін жақсы ұсыныстар түскен шығар?
- Енді осы кино шыққаннан кейін, көреміз, түсіп жатса деп (күледі)
Екі достың бастан кешкенін баяндайтын «Ағашки по вызову» фильмі комедия жанрында. Туындыда қарызға белшесінен батқан жігіттер, жеңіл жолмен ақша табуға тырысады. Ал, лентаға режиссерлық ету Дархан Саркеновке бұйырған.
Гүлдана Мұқан, тілші:
- Дархан, бүгінгі тұсаукесермен құттықтаймыз! Картинаның көрерменге не береді?
Дархан Саркенов, режиссер:
- Бұл өте жеңіл комедия. Сондықтан да бұл жерде астары немесе бір әлеументтік нелері жоқ айтары. Тек қана мақсаты сол, халықтың несін көңілін көтеру. Мынандай жағдайларда мне кажется, осындай фильмдер халыққа керек.
Фильмге сондай-ақ, әнші Луина да арнайы шақырту алған. Өнер иесі Гүлнәз есімді полиция қызметкерінің рөлінде.
LUINA, әнші:
- Мені бекер шақырған жоқ, маған сенім артты. Себебі мен өз рөлімді алып шыға алатынымды білді. Бірақ мен алдағы уақытта комедияда емес, драмада ойнағым келеді.
Гүлдана Мұқан, тілші:
- Осымен біз шытырманға толы «Жеңіл жүрісті ағалар» фильмінің тұсаукесерінен шықтық. Көңіл көтерем десеңіз, фильмді 27-ші қаңтардан бастап кинотеатрлардан тамашалаңыздар!