Роботтар фестивалінің ең көрнекті экспонаттары YouTube желісіндегі танымал бейнелерімен белгілі. Өзін нағыз жануарша ұстайтын «Робот ит» баспалдақпен көтеріле алады. «Робот-манипуляторлар» заттарды алып жүруге, тіпті үй салуға шебер. Мұражайдың ең күшті және ең үлкен роботы - суперқаһарман Spacebot - сізге өз планетасы туралы айтып береді.
Келушілер 200-ден астам мимикасы бар Sociobot-қа көз тастай алады. Британдық жасаушылар бұл роботты театр қойылымдарына дайындаған. Ол: университеттерде дәріс оқып, медициналық орталықтарда жұмыс істейды. Тіпті американдық телеарнадан жаңалықтар да оқыған.
Александр Чужманов, «Роботтар фестивалінің» ұйымдастырушысы:
- Алматыға келген себебіміз, желтоқсанның 23-інен бастап, ақпанның 20-сына дейін роботтар көрмесін қоямыз. Мұнда әлемнің түкпір түкіпірінен жиналған 85 робот бар.
Фестиваль қонақтары ұшқышсыз «Segway»-ді және болашақтың жалқау тұрғындарына арналған фитнес тренажерды сынап көрмек. Одан бөлек, Оңтүстік Кореядан шыққан әлемдегі алғашқы «Робот балық» та үлкен аквариумда жүзіп, өз қабілеттерін паш етпек.
Александр Чужманов, «Роботтар фестивалінің» ұйымдастырушысы:
- Дәл осы роботтар әліге дейін қоймада бір уақыт та тұрып қалмапты. Әлемді аралап, тур жасаймыз. Қалаларды аралаймыз. Түсіп жатқан шақыртулар өте көп.
Фестивальде жеті андроид робот үлкен цирк ұсынады. Олардың кейбіреуі Гиннестің рекордтар кітабына енген. Өнертапқыштар ауада ұшатын пикселдерді синхрондауды да үйреген.
Александр Чужманов, «Роботтар фестивалінің» ұйымдастырушысы:
- Келген қонақтар роботтардың көмегімен, вертуалды түрде Париж аспанымен ұшып өтіп, ғарышқа аттанып, ауада қалықтай алады.
«Роботтар фестивалі» мұражайы қазірдің өзінде Милан, Прага, Таллин, Афина және басқа да әлем астаналарының тұрғындарын таң қалдырып үлгерген.