Неке қию, жүктілік, күйеуінің бағалы сыйлығы, ажырасу... Әсел Асқар жеке басына түскен мәселесін бүкпесіз баяндап отыратын жұлдыздар қатарында! Алайда, аудитория алдындағы ашықтығы үшін актриса оқырмандарынан жиі ауыр сөз естиді екен.
Әсел Асқар, актриса, блогер:
– Бетіме де айтады: «Сіз екінші рет ажырастыңыз. Не деп ақыл үйретіп отырсыз», - деген. Ит үреді. Караван жүреді деген сияқты.Оның үстіне дәл осындай жүрекжарды жазбалардың арқасында блогердің желідегі оқырман саны көбеймесе, кемімек емес.
Элизат Берікова да өміріндеге оқиғаларымен оқырмандарын үнемі құлағдар етіп отырады. Алайда, әнші аудитория үшін емес, фалловерлерінен қолдау күткендіктен, жан сырымен бөліседі екен. Күйеуі екеуі арасындағы мәселені де ең бірінші өз аузынан естіген едік.
Элизат Берікова, әнші:
– Қаншама достарымнан айрылдым, қаншама жора-жолдастарымнан, қаншама проекттен айрылдым. Көп жерлерге өзі де телефон шалып хабарласып балалар кішкентай, алмаңыздар жұмысқа деген сияқты мен естідім ондайды, күйеуімнің істеген істерін. Негізі өте қатты ренжідім.
Ренат Гайсинмен бірге желіге жиі сурет жүктейтін Диная да, жеке өмірін жасырмақ емес. Сезімге толы посттар соның бір дәлелі. Алайда, композитордың өзі болса бұл тақырып жабық күйінде қалғанын қалайды екен.
Ринат Гайсин, композитор:
- Былай істейікші... Махаббат бір бөлек болсын, шығармашылық бір бөлек болсын, жеке өмір бір бөлек болсын. Мен ондай сұрақтарға жауап бере алмаймын да. Өйткені адамның өзінің жеке өмірі бар.
Сондай-ақ, жеке өмірінің бүге-шүгесін желіге жүктеп, мәселесін шешкісі келгендер арасында Say Mo, Айжұлдыз Адайбекова сынды арулар да бар.