Гарри Ханзада мен Меган Марклдың бұл концерттен табылуы бекер емес! Себебі, «Global citizen» әлемдегі кедейлік пен коронавирустың алдын-алу мақсатына ұйымдастырылып отырған игі шара. Жобаның ерекшелігі кеш бір тәулік бойы, Рио-де-Жанейро, Нью-Йорк, Париж, Лондон, Сеул, Лос-Анджелес пен Сидней сынды қалаларда қатарынан ұйымдастырылды.
Бен Аффлекпен қосылғалы таблойдтардан түспеген Дженнифер Лопес тағы да талқыда. Бұл жолы әншінің әсем орындауы көпті тәнті етсе керек. Елуді еңсерген Джей Ло, Нью-Йорк сахнасында барын сала кештің көркін қыздыруға тырысты.
Оңтүстік Корейлік «BTS» тобы болса, Сеулдан өзге әріптестерінің қатарына қосылды! Әлемнің игілі мен қайырымдылық мақсатта жігіттер де өз өнерін ортаға салды.
Ал Эд Ширан Париждың төрінде тұрып, концертке келген қауымның көңілін көтеруге тырысты! Британдық орындаушы шара аясында «Bad Habits» әнін шырқап, жаңа альбомының тректерін ұсынды.
Сондай-ақ, Doja Cat, Элтон Джон, Камила Кабейо, Шон Мендестер лайф форматта өнер көсретіп, әлемнің жақсара түсуіне тамшыдай болса да өз үлесін қосуға тырысты. Айтпақшы, шараға Лос-Анджелестен қосылған
Рики Мартин бұл күні ескі хиттерімен өзге әріптестерінен ерекшелене білгендей.