Қазақстан мұсылмандар діни басқармасына қарасты кеңес пайымынша, ұтыс ойындарын ойнатқанда парақшаға тіркелушілер тарапынан кіру жарнасы алынса, не бір затты сатып алу шарты қойылса, конкурсқа қатысуға болмайды. Егер арнайы жарна алынбай, ұтыс демеушілер тарапынан қойылса, қатысуға рұқсат.
Біле білсек, бірнеше миллион оқырманы бар блогерлер аптасына 1-2 рет парақшаларында ойын ойнатып отырады. Бүгінде ГИВ жасаушылар көшін бастап тұрғанның бірі – Нұрдәулет Бектұрсын.
Нұрдаулет Бектұрсын, блогер:
- Сендер көріп жүрген, сендер үлгі тұтып жүрген адамдардың өзі гив істеп жатыр ғой, сондықтан да ГИВ өшпейді. ГИВ-ті істейтін адамдар азаяды. Қазір де бұрында көп еді, қазір айтып жатқан адамдардың өздері бір-бір ГИВ-тан істеген, істей алмағандықтан айтқан. Істей алмаған нәрсені жамандау өте дұрыс емес нәрсе деп ойлаймын.
ГИВ арқылы зәулім үйін көтеріп, көлік мінгендердің бірі – Жахан Отарғалиев. Өнер иесі тіпті: «Неге айналып келіп мәселенің бәрі, осы ойынға тіреліп қала береді?», - деп шағымданды.
Жахан Отарғалиев, актер:
- ГИВ-тің жаман жері жоқ. Ол көрерменге де, оқырманға да, жасап жатқан адамға да ар жағынан ақшасын төлеген спонсорға да бәріне де бірдей пайдасын тигізеді. ГИВ-ке қарсымын деп жатқан адамдар олар просто іштері күйіп, өздері істей алмағасын сүйдеп айтып жатқан адамдар.
Ал желінің жұлдызды жұбы Дархан мен Дарикорн «Бармақ басты, көз қыстылыққа» баратын блогерлердің кесірінен, соңғы кездері ГИВ-ке деген негативтың күшейгенін жасырмайды. Тіпті, Дархан осындай алып-қашпа әңгімелерді азайтып, алаяқтықты жою үшін заңның керек екенін айтады.
Дархан Жолшыбеков, блогер:
- ГИВ-ке қандай заң шығарса да, ол заң ары кетсе қаржы дейді ғой енді. Налоговыйдан болуы мүмкін яғни ГИВ-ке алған гонорардың мысалы общий суммадан негізі 12 процент, прибыльдан 3 процент деген сияқты. Сол жайында шығарса, оған келісем. Налог төлеу керек болса, төлейміз. Ал егерде мүлде қарсы болатын болса заң, оны қолдамаймыз.
ГИВ төңірегінде туындаған мәселенің бүгін-ертең шешілмесі анық. Бірақ желі жүзінен азайған ойындарға қарап, дәуірі бітті ме деп те қаласың...