Нұрлан Қоянбаевтың шынайы өмірі тұтастай веб-сериалдың сценарийіне негіз болды! Туындыда өз-өзін сомдайтын продюсер осылайша көрерменге кино саласының ішкі «кухнясын» көрсетпек. Жобада кадр сыртындағы қызықтар мен қиыншылықтар әзіл арқылы баяндалады.
Нұрлан Қоянбаев, кинопродюсер:
– Осы сериалда Нұрлан Қоянбаев өз келіншегімен шетелге шығады демалысқа. Сол жерде карантин кесірінен ұша алмай қалады шетелден. Ал менің Алматыда көптеген жобаларым бар, съемкаларым бар деген сияқты. Сол жағдайдан шығу үшін менің көмекшілерім менеджерлерім кездейсоқ бір двойникті кездестіріп қалады.
Иә, Нұрлан тың туындыда екі образда. Өзінің сыңарын да сомдайтын Қоянбаевқа мұндай идея жарты жыл бұрын келген.
Нұрлан Қоянбаев, кинопродюсер:
– Енді сценарий жазып отырған кезде біз өзімізде бір риза болдық. Ол тек қана веб-сериал емес, кинотеатрға да түсіретін кино идея болып көрінді. Бірақ енді біз бұны сериал ғып түсіретін деп шешкеннен кейін, сериалға айналдырдық.
12 бөлімнен тұратын комедияның режиссерлық тізігі Дамир Тастембековке бұйырған. Арнайы шақырту алған жас киногер үшін бұл жоба Қоянбаевпен алғашқы ортақ жұмысы.
Дамир Тастембеков, режиссер:
– Менің ойымша Нұрлан өзге актерлерге қарағанда сценарийдегі әзілді жақсы түсінетін ең бірінші адам. Мәселен, бір күлкілі сахна болса, ол оны одан әрі жандандыра түседі. Қанша дегенмсн әзілкеш қой.
Еске салсақ, сериалды Нұрлан Қоянбаевтің командасы мен «Salem Social Media» бірігіп таспалауда. Жоба сценаристі Сәбит Рахимбаевтың айтуынша, сериал өзге интернет туындыларға қарағанда ерекше шығуы тиіс.
Сәбит Рахимбаев, актер, продюсер:
– Ғаламтордағы өзге жобалардан біздің бір ерекшелігіміз боқауыз сөздің жоқтығы және әзілдің өзін орнымен жеткіземіз. Веб-сериал дегендле көрерменнің ойына тым еркіндік елестейтді ғой. Біз барлығын өз орнымен түсіріп жатырмыз.
Веб-сериалда сондай-ақ отандық шоу-бизнес өкілдері де бой көрсетеді!