Толып кетуден қорқып, ішер асының калориясын санап, түрлі аздыратын марафон жағалап жүрген шоу-бизнес сылқымдары жетерлік! Мәселен, актриса әрі модель Айнұр Нұрсейіт ішер асын әбден талғап жейді.
Айнұр Нұрсейіт, блогер:
– Ұстаймын диета. Ұстағанда енді дұрыс тамақтану деген өзімде дұрыс тамақтану бірінші орын алады. Тек қана диетический енді, калориясы аз тамақтарды таңдаймын, газировкаларды ішпеймін деген сияқты.
Әсем Жакетаева болса, қант пен глютеннен түбегейлі бас тартып, тіпті ас атасы нанды тұтынбауды жөн санаған. Отыздан асқан әншінің сұлулығының сыры осыда екен!
Әсем Жакетаева, актриса:
– Сондай қатты диета жоқ менде, ұстамаймын. Нан, қант, тәтті тағамдардан бас тарттым.
Әнші Калияның салауатты өмір салты мен арықтауға қатысты өз құпиясы бар! Өнер иесі өзгелер сияқты нені жейтініне емес, қай уақытта тамақатанатынына аса көңіл бөледі екен.
KALIYA, әнші:
– Маған ұнайтыны ол «интервальное голодание» деп айтылады. Тек қана 8 сағат тамақтанамын. 12 сағат тамақ ішпеймін. Тек қана су ішемін. Маған сол жағымды да, қолайлы да және енді мен спортпен айналысуға тырысамын.
Алайда, Калия өз әдісін өзгелерге кеңес беруден аулақ. Себебі, әр адам өзінің шама-шарқы, денсаулығына қарай диета мен спорт түрін таңдағаны абзал.