Жұлдыз Абдукаримова, актриса, тележүргізуші:
– Маған көп қыздар жазатын, сіздің киім үлгіңіз ұнайды. Неге өзіңіздің арнайы топтамаңызды шығармасқа деп. Болды, бір дизайнермен жұмыс жасаймыз ба деп келісіп жатқанда арада келіспеушілік болып қалды, сонымен ол жайында қалды. Бірақ, бұйыртса оны болашақта іске асырамын деген ниеттемін.
Десе де, Жұлдыздың жұлдызын жаққан дебюттық «Арман. Когда ангелы спят» картинасы екені көпке мәлім. Дәл осы лентадағы образы үшін «Үздік актриса» атанса да, Абдукаримоваға киногерлерден тиімді ұсыныс түспегенге ұқсайды.
Жұлдыз Абдукаримова, актриса, тележүргізуші:
– Бұл салады өзімді көргім келеді, өзімді сынағым келеді. Егер де ұсыныстар түсіп жатса, мен ашықпын, дайынмын.
Ал әзірге продюсерлер мен режиссерлар тарапынан шақырту алмаған Абдукаримова, оған дейін «киногерлікке» өзі кіріспек! Қайрат Нұртастың жары енді толықметрлі туындыны таспалауға көшіп, Нұрлан Қоянбаев, Құралай Анарбековалардың өзіне бәсекелес атанбақ.
Жұлдыз Абдукаримова, актриса, тележүргізуші:
– Бірақ алда жоспар бар өзімнің кинтуындымды шығарсам ба деген. Қазір келісім жүріп жатыр, оны әзірге айтпай-ақ қояйын. Бірақ сіздерге айтып қойдым ғой. Қолға алған кезде, сіздерге бірінші болып айтатын болам. Бағыты әзірге белгісіз.
Толықметрлі туындыда Қайрат Нұртас төбе көрсете ме, жоқ па ол да әзірге белгісіз.