Блогерлер Дарикорн мен Дархан баласын да жұлдыз етпек пе?

Сообщить о проблеме с эфиром

 

Дархан мен Дарикорнның фолловерлері блогерлердің тұңғышын көруді асыға күткені рас! Сондықтан, желі жұлдыздары Даниялды қырқынан шығарғаннан кейін, отбасылық фотосессия жасап, әсерлі суреттерімен оқырмандарын қуантты.

Дархан мен Дари болашақта ұлының танымал тұлға болуын қалайды екен. Желі жұлдыздары тіпті Даниялға арнап инстаграм ашып, «жұлдыз жасамақ» ниетте!

Daricorn, блогер:

– Енді біз қазірден бастап оны түсіріп, бәріне көрсетіп жүргеннен кейін мне кажется, медийный, біз сондай болғаннан кейін баламыз да сондай болатын сияқты.

Дархан Жолшыбеков, блогер:

– Қылықтары шыға бастаған кезде, сол кезде ол сама-собой ғой бір сөзбен айтқанда ол ашылады.

40-нан енді шыққан Даниялға қазірден бастап жарнамалық ұсыныстар келіп жатқан көрінеді. Жұлдызды жұп ұлының бесіктен белі шықпай жатып, ақша тауып жатқанына қарсы емес сынды...

Дархан Жолшыбеков & Daricorn, блогерлер отбасы:

– Қалай айтсам болады екен, не ғой ол, қалай айтсам екен, қазір айтамын. Оны бір ақша табу мақсатында, әлде басқа мақсатта ашпаймыз.

Блогерлер ата-ана атанғаннан кейін, өмірлері ғана емес, желідегі аудиториясының да өзгергенін айтады.

Дархан Жолшыбеков, блогер:

– Бала пайда болғалы бері ата-аналар бізге көп тіркеле бастады. Өйткені көргісі келеді, білмеймін неге екенін. Бірақ-та бізге жазады баланы бүйтіп ұстаңдар, көмектеседі аудитория баланы өсіруге.

Желідегі жазылушылардан бөлек, жарнама берушілердің бағыты да өзгерген екен. Бұрын Дарикорнға киім дүкендері, косметика сатушылар хабарласса, қазір балаға арналған заттар, нәресте киімдері, сүт қоспасы, ойыншық сататын саудагерлер жиі жазады.

Daricorn, блогер:

– Менде реклама щась скажу күлесіздер мен мына колясканы бартерге алғам, рекламаға алғам.