«Ninety one» тобының мембері ZaQ тұңғыш бейнебаянын ұсынбақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

 

Алғаш ауылдан қалаға келгенімде кемсітушілікетерге тап болдым! Дәл осылай деген «Ninety one» тобының мембері Зак тұңғыш бейнебаянын ұсынбақ. Клип қоғамдағы талай түйіткілді мәселені қозғайды.

ZaQ, рэпер:

– Байқамай, әлеуметтік әңгімелер кіріп кетті ішіне. Тректің өзінде де біраз әңгіме бар, әртүрлі сегменттерді қозғайтын. Жалпы негізі ауылдан шығып, жетістікке жетем деген баланың әңгімесі ғой бұл. Біздегі ауылдағы жағдай бәріне белгілі. Байқамай ішінде жұттың әңгімесін қозғап жібердік. Өйткені бұл ауыр тиетін жағдай.

Соңғы кездері «Ninety one» тобы әлеуметтік тақырыптарды өз әндері арқылы көтеріп жүр. Бұл ұжымның қоғамға деген қарсылығы ма? Осы сауалға мембер былай деп жауап берді:

ZaQ, рэпер:

– Соңғы кездері әлеуметтік жағдайлардың қозғалуы тректерде, әндерде, бейнебаяндарда өзімізге байланысты біріншіден. Өйткені, көп нәрсе көзге түсе бастады, басқаша қарай бастадық. Кішкентай бала емессің, бірдеңені түсінуге тырысасың. Бір жерден әділеттілік іздейсің, баланс іздейсің.

Ал Дулаттың шығармашылығына келер болсақ, иглз көптен күткен клип қыркүйектің 8-і жарық көрмек. Бейнебаян ойда жоқта, режиссер Мади Джагидың ұсынысымен таспаланған.

ZaQ, рэпер:

– Бір қызық жайт, сол бейнебаянды түсірер алдын мен екі ақыл тісімді жұлып тастаған болатынмын, төменгі. Бетім қатты ісіп кеткен. Содан кейін бейнебаянды 5-6 күнге шегердік. Ісік қайту керек болған, бірақ қайтпады. Сөйтіп түстім.

Енді Зак белсенді түрде жеке шығармашлығына кіріспек! «Екінші альбом жоспармен, бейнбаяндарымен бірге ұсынылады», - дейді ол. Айтпақшы, блогер Сабира Жарасқызы екеуі айтқан ән де көп ұзамай тыңдарманға жол тартпақ.

ZaQ, рэпер:

– Сабирамен ән баяғыда жазылып қойды негізі. Қазіргі уақытта қай платформада, қашан шығады деген мәселелер шешіліп жатыр. Бірақ ол жағын мен шешпеймін.

Айтпақшы, болашақта бұдан өзге де фиттер күтілуде.