Камера! Мотор! Атмосфераға толы түсірілім алаңында қызу жұмыс жүруде. Жас режиссер Нұрайбек Жәнібеков бастаған команда Есконың бейнебаянына білек сыбана кіріскен.
Ерекше локациядан құралған түсірілім алаңында сондай-ақ, «BLACK DIAL» тобының экс-мүшелерін де байқап қалдық. Соның бірі – бүгінде жеке әнші ретінде танымал Arsen Aleen. Жас өнерпаз жігіттермен кездесу, бұрыңғы бойзбендтегі кездерді есіне түсіргенін айтады.
Arsenaleen, «BLACK DIAL» тобының экс-әншісі:
– Мен кәдімгідей топта жүрген сияқты болып тұрмын әзірше. Бүйтіп бәрі жаңағыдай, сол кездер есіме түсіп тұр ия. Прям күшті есіме түсіп қалды. Менің ойымша сол барлығымыздың жаңағы балдардың қазіргі аудиториялары сол кезден бері келе жатқан аудитория деп ойлаймын.
«BLACK DIAL» мемберлері барлық құраммен жиналып қызық дүние дайындап жатқанын айта кетті. Тико: «Бірнеше жылдан кейін бірігіп мұндай ерек бейнебаян шығару Есконың идеясы», - дейді.
Tiko, «EQ» тобының экс-әншісі:
– Ол топты әрине сағынамын. Бірінші топ, бірінші впечатление, бірінші рет сахнаға шыққан кездер 2017-ші жылдары. ЭКСПО-ға выступатть еткен уақыттан. Өте маған қымбат топ, ыстық кездер деп айтсам болады. Ең бірінші рет сахнаны не екенін түсіріп.
Еске салсақ, Tiko бүгінде тикток хауста, Ray «DNA» тобында өнер көрсетіп жүр, Arsen Aleen соло әнші, Tachi болса бизнеске бет бұрған. Ал, экс-
«BLACK DIAL»-дық мемберлер бас қосқан су жаңа видеоклип 21-ші мамыр күні ютуб платформасында жарық көреді.