Кезінде талай хит әндердің авторы атанған«101» тобы әлі күнге дейін сұраныста. Бұған ұжымның күні кеше тыңдарманға тола өткен концерті дәлел. Бойзбенд карантиннен кейінгі алғашқы акустикалық кешін жанды дауыста ұйымдастырды. «Лайф формат біздің таңдауымыз», - дейді «101»-лік жігіттер.
«101» тобы:
– Жанды дауыста өнер көрсететін музыканттар үшін концерттегі ттыңдарман саны маңызды емес. Біз үшін аз да болса адам келсе соның өзі қуантады.
2000-шы жылдардың басында құрылып, бірден топ жарған «101» -ліктердің биыл сахнада жүргеніне 20 жылдан асты. Алайда ұжым соңғы кездері шығармашылығында үзіліс алған болатын. Енді міне, әйгілі топ өз жұмысын қайта жандандырмақ ниетте.
«101» тобы:
– Қазір біздің форматымыз мүлдем өзгеше. Бүгінде акустикалық кештер трендке кіріп жатыр ғой. Бұған карантин да әсер еткен шығар деп ойлаймын. Тіпті тыңдарманр әннің кавер нұсқасын таңдайды. Сондықтан халық қай бағытты сұрайды, біз қанағаттандыруға тырысамыз.
«101» тобы бұл кеште жалғыз өнер көрсетпеді. Жігіттер талантты бэндтың сүйемелдеуімен ескі хиттерін жаңаша нұсқада орындап шықты. Бұл тек бастамасы деген ұжым, алдағы уақытта тыңдарманын су жаңа тректермен қуантпақ.
«101» тобы:
– Жаңа бейнебаян түсірсек деп жоспарлап отырмыз. Соның дайындығына қызу жұмыстар жүріп жатыр. Әнді ұзақ уақыт таңдадық. «101» тобы бір орында тұрған жоқ деп сеніммен айта аламыз.
«101»-дің фанаттарын сондай-ақ, кішігірім ЕР альбом мен жастармен арнайы жазылған дуэттер күтетін болады.