Конор Макгрегор әлемдегі бай спортшылар тізімінің көшін бастады! 2021 жылы гонорары жоғары UFC-шілердің бірі атанған Конор бұл атаққа қаңтар айында, Дастин Порьемен өткен жекпе-жегінен кейін жетті. Сол бір кеште Макгрегор 22 миллион доллар табысқа кенелген.
Forbes-тың мәлімдеуінше, ол соңғы 12 айда 180 миллион долларды қанжығасына байлаған. Басылым жариялаған тағы бір ақпаратта, Конор табысының 150 миллионын өзінің жеке бизнесінен тапқан. Осылайша атышулы UFC-ші әлемдегі ең бай спортшылардың көшіне ілесіп отыр.
Бір қызығы Макгрегор бұл рейтингте октагондағы өзінің әріптестерін ғана емес, сонымен қатар футболшыларды, боксшылар мен волейболшыларды да шаң қаптырған. Ал үздік ондықтың басында 130 миллионмен Лионель Месси, 120 миллионмен Криштиану Роналду тұр. Ары қарай тізімді Дак Прескотт, Леброн Джеймс және Кевин Дюрант жалғастырады.