Дәстүрді жаңғыртып жүрген жастар кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Айя Шалкар бүгінде сәнбике ретінде танылғанымен, негізгі мамандағы графикалық дизайнер. Модель соңғы кездері әлемдік масс-маркеттермен коллаборация ұсынып келеді. Соның бірі «Батылдық» атауына ие болған әйелдер мен ерлерге арналған киімдер. Бұл үлгілер қазақи нақыштағы оюлармен безендіріліген. Еске салсақ, бұған дейін дизайнер Айнұр Тұрысбек коллекиялары арқылы ұлттық құндылықтарды дәрітпеуге тырысқан-ды.

Айя фэшн индустрияда ғана емес, арт-жобалар жасауда да белсенді. Дизайнер таяуда ғана Алматы қаласында «JARYQ» атты инсталяция ұсынды. Туындыға 700 жылдық тарихы бар «Kiyeli Agash» пен «Bitpes» атты шаңырақ негіз болған. Айя: «Бұл жұмысым арқылы бұрыңғы салт-дәстүрді жаңғыртып, болашаққа сеніммен қарауға шақырамын», - дейді.

Айя Шалқардың ғашығы Айсұлтан Сейітов те салт-дәстүрді заманауи бағытта ерекшелендіріп жүргендердің бірі. Күллі әлемге танымал жас режиссер бүгінде

«OYU» атты музыкалық алаң ашты. Дәстүрлі әуендерді дәріптеп, оны жаңа бағытқа бейімдейміз деген әншілер дәл осы платформа арқылы өз өнерін көрсете алады. Олар онда тек жанды дауыста, ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен ән шырқайтын болады.

Музыка мен ұлттық құндылықтарды тоғыстырып жүрген жастардың тағы бірі – Мақпал Жұмабай. Ақын бірнеше жылдар бері рок жанры мен поэзияны ұштастырып, арнайы концерт беріп жүр.

Мақпал Жұмабай, ақын:

- Жер бетіндегі барлық өлеңдер музыкамен жазылған. Бірақ уақыт өте келе, заман өзгере келе өлең өз музыкасынан айрылып қалды. Ал, мен соны өз күшімше тірілткім кеп жүр, және менің барлық өлеңдерім музыкамен туылады. Сондықтан, оны өз деңгейіне жеткізу үшін өзім айтуға мәжбүрмін.

Одан бөлек, Мақпал Жұмабай ÓzgeEpic өнер кеңістігінің шымылдығын түріп, «Жаңғырық» атты лейбл қүлгерді. Жобадағы әр муызкант тек жанды дауыста, қазақ тілінде әндерін ұсына алады.