«Сенің көзің» әнімен үлкен танымалдыққа ие болып, аз-ақ уақытта халықтың ықыласына бөленген «МузАРТ» триосына биыл 20 жыл. Әйгілі үштік айтулы датаға орай мерейтойлық концертте бас қосты. Алайда, көптен күткен кеш карантинге байланысты тек телевизиялық нұсқада көрерменге жол тартады.
«МузАРТ» тобы:
– Бүкіл Қазақстанды аралаймыз деп армандаған болатынбыз. Бірақ Алланың сынағы, құдайға шүкір қазір жеңілдіктер пайда болып, 30 пайызға көрермен жинауға мүмкіндіктер пайда болып, бүкіл санитарлық талаптарды сақтап, осындай түсірілімге рұқсат беріп жатқаннан кейін.
Музарттықтар үшін ғана емес, күллі қазақ шоу-бизнесі үшін маңызды мерейтойда өнер өкілдері түгел жиналды. Тіпті, олардың арасында Мақпал Жүнісова сынды тартуларын табыстап жатқандар да болды.
Бұл жиыннан «МузАРТ» тобының ет жақындары да табылды. Мәселен, Сәкен Майғазиевтың анасы алдыңғы қатарда отырып, ұлының өнерін тамашалады.
«МузАРТ» тобы:
– Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы құтты болсын, біздің 20 жылдығымыз. Енді күзге қарай ашылып жатса, үлкен сарайларда кешімізді өткіземіз деген үміттеміз. Әзірге осы 20-жылдығымызды телевизор арқылы жолдаймыз.
«Ал жиырма жылда топтың таралмауы бір-бірімізді үнсіз, қас-қабақпен түсінумізде», - дейді Музарттықтар. Ұжымға кейіннен келген Кенжебек Жанәбілов болса, топқа қабылданған сәтін есінен ешқашан шығармақ емес.
Кенжебек Жанәбілов, «МузАРТ» тобының әншісі:
– 2005 жылы ақпан айының 14-ші күні мен «МузАРТ» тобына кабылдандым деп қоңырау шалынған кезде, шынымды айтсам төбеден тас түскендей болды. Осындай елдің алдындағы, атағы жер жаратын топты жан-жақа таратып жіберсек атымызға сын болуы мүмкін. Сондықтан бұл топ құдай қаласа 40 жыл, 50 жылдықты да тойлатады деген ойдамын.
Концертте Музарттықтардан бөлек, өзге өнер өкілдері де табылды. Олар ұжымның репертуарындағы әндерді шырқап шықты.
Қайрат Нұртас, әнші:
– Менің бүгін шырқайтын әнім «Бақ құсым» деген ән. Маған қатты ұнаған бұл ән, қанша жыл бойы сұрап едім, бермеген. Бірақ бүгін бұйырып тұр екен, Алла разы болсын.
AYREE, әнші:
– Мен МузАРТ тобының репертуарынан мен сені сүйемін деген әнді таңдадым. Қиынға соққан жоқ, себебі менің сүйікті әнімнің бірі. 00.12 Бүгін енді керемет мереке, шоу-бизнес үшін.