Жұлдыздар желідегі қаралым үшін қандай қадамға әзір?

Сообщить о проблеме с эфиром

Бәрі де контент үшін! Бұл желідегі қаралымға бола түрлі жанкештілікке баратын блогер мен вайнерлердің сөзі. Бүгінде трендке ену үшін жұлдыздардың бірі шашын қиып не бояп жатса, енді бірі ашық-шашық фотосессия жасап әлек. Алайда мұны құп көрмейтін шоу-бизнес өкілдері де жоқ емес. Мәселен, Сара Амангелді: «Қаралымнан гөрі ұятым маңызды»,-дейді.

Сара Амангелді, әнші:

- Мен ойлаймын, ертең менің балаларым болашақта өз анасын ашық-шашық түрде көргенін қаламаймын. Өйткені ол ертең қаншама өзінің сыныптастарымен достарымен араласады. Ертең мен туралы бірдеңе «анаң осындай» деп.

Экс-Кешьюлік арумен Қайрат Әділгерей де келіседі. Актер: «Тың контент ұсына алмайтын адам ғана отбасылық өмірін, жалаңаш суретін жариялайды», - деген пікірде. Өнер иесі жанұясын көрсетпей-ақ, дубляж саласындағы қызықтары жақсы қаралым жинайтынын айтады.

Қайрат Әділгерей, актер:

- Мен мысалы жұмысымдағы дубляжды саламын. Өйткені инстаграм әлеуметтік желіде көп контент бар. Жұмысқа байланысты ғана контент салып отырамын, үйдегі енді таңнан кешке дейін енді тісін жуып жатқаннан бастап аяқ киім киіп, тіпті дәретханаға отырғанын көрсетіп жатады. Ондай нәрсе болмау керек.

Бүгінде вайнер атанған Жұлдызай Дүйсенбиева болса, қаралымы мол, қызықты контент жасау үшін бәріне әзір. Алайда, актриса халық назары үшін деп ардан аттаудан аулақ.

Жұлдызай Дүйсенбиева, актриса:

- Біз енді мың да тоғызыншы жылдардағы адамдармыз ғой, 2000 жылғы емес. Содан да шығар көзқарасымыз басқашалау. Мен қолдамаймын. Оған да кейде бір қарным ашады. Дәл қазір ешкімге ақыл айтатын жайым жоқ. Өйткені ақыл тыңдайтын заман емес. Бірақ өзімнің танитын адамдарыма қатты батырып айтпасам да айтып жатам.