Аша Матай әріптестерін желіде этикет сақтауға шақырады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Аша Матай желіде этикет сақтауға шақырады! Бұл амал мәдениет былай тұрсын, сіздің қауіпсіздігіңіз үшін маңызды дейді. Танымал тележүргізуші: «Әсіресе ғаламтор арқылы аудиохабарлама жіберуде абай болу керек», -дейді. Себебі, мұндай жазбалардың желіде тарап кетуі әбден мүмкін.

Аша Матай, актриса, тележүргізуші:

- Егерде құрбыларыңа жіберіп жатсаң, достарыңа жіберіп жатсаң, туыстарыңа жақындарыңа жіберіп жатсақ, ол информация ол ақпарат ары қарай тарамайтынына сен кәдімгідей кепілдік беріп жіберіп жатсаң, онда ол әрине қалай не айтқың келеді, қалай айтқың келеді мәнерді бұзуға болады деп ойлаймын негізінде ондай уақыттарда.

Алтынай Жолдыбаева да біреуге смс жазу кезінде барынша этикет сақтау қажет деп отыр. Әдетте әнші аудио немесе видео хабарлама жіберген кезде қолдан келгенше сауатты болуға тырысады.

Алтынай Жолдыбаева, әнші:

- Негізі адамның қолынан келетін болса мәнерлеп сөйлеу, одан хабарламаны жазып отырған адамның өзі ләзаттана сөйлесе болады. Мен оған өте жақсы қараймын. Бірақ кей-кезде бір асығыс кезде жазатын дыбыстық хабарламаларда болады. Ондай кезде енді әрине мәдениет туралы ойламайсың.

«Ринголық» Данияр Өтеген желіде смс-ке қарағанда, дыбыстық хат жіберуді жаны сүйеді. Алайда, өнер иесі оның бәріне бірдей ұнай бермейтінін жақсы түсінеді. Оның үстіне, танымайтын адамға аудиожазба жіберу аздап ерсі көрінуі мүмкін.

Данияр Өтеген, «Rin’Go» тобының әншісі:

- Жалпы жақын достарымның ортасындай андай аудио жіберме деген әңгіме көп айтылмайды себебі, енді ешкім оған қарсы емес. Көбінесе жаңағы телевизиялық салада істейтін достарым енді олар шынымен де осындай студияларда отырып бағдарлама жазып отырған кезде аудионы тыңдай алмайды.