Дрейктің жаңа альбомы музыкалық чарттардың көшін бастауда!

Сообщить о проблеме с эфиром

Көптен бері сахнадан көрінбей кеткен Дрейк шығармашылығына шындап кіріскендей! Хип-хоп орындаушының «Scary Hours 2» атты EP альбомы музыкалық чарттардың көшін бастауда. Одан бөлек, рэпер «Wants and Needs» композициясына бейнебаян ұсынып, тыңдарманын қуантқан-ды. Аталмыш ән «iTunes» чартында бірінші болды.

Көптің сұранысына ие болған бұл Дрейктің жалғыз әні емес! Рэпердің сондай-ақ «Lemon Pepper Freestyle» және «What's Next» тректері де «iTunes Global»-дың топ үшітігінде. «Billboard» басылымы: «Әндері бір апта бірден үздік үштікті бастаған тарихитағы үшінші әнші», - дейді.

«iTunes» чартында көзге түскендердің тағы бірі – Cardi B. Рэп орындаушы өзінің бір ай бұрын жарық көрген «Up» туындсымен төртінші орында. Ал, топ бестікті Pooh Shiesty мен Lil Durk-тың ортақ коллаборациясы түйіндейді.