Кино саласының ең үздіктерін анықтайтын «Оскар» марапаты да карантин кесірінен кейінге шегерілген-ді. Дәстүрлі түрде ақпан айында өтетін ауқымды премия биыл 25-ші сәуірге ауыстырылып отыр. Ал осымен 93-ші мәрте шымылдығын түретін шараның шорт-листы күні кеше белгілі болды. Көптің тағатын тауысқан үміткерлер тізімін жұлдызды жұп Приянка Чопра мен Ник Джонас таныстырды.
«Оскардың» іріктеуімен 2021-ші жылы «Үздік фильм» аталымы бойынша:
«Әке», «Иуда және Қара мессия», «Манк», «Минари» және «Көшпенділер жері» ленталары бақ сынамақ. Аты аталған картиналар арасынан «Манк» лентасы номинация саны бойынша рекорд орнтаып отыр. Дэвид Финчердың 1940-шы жылдардағы кинобизнес жайында таспаланған драмасы 10 бірдей аталымнан үмітті.
Дәл осы «Манк» лентасының басты кейіпкері Гари Олдман «Үздік актер» жүлдесіне атануы әбден мүмкін. Ал Олдманға Энтони Хопкинс, Риз Ахмед, Стивен Ян және Чедвик Боузман сынды әріптестері бәсекелес болады.
«Үздік актриса» мүсіншесін еншілеу үшін Виола Дэвис, Андра Дей, Ванесса Кирби, Фрэнсис Макдормэнд және Кэри Маллиган өзара таласқа түседі. Еске салсақ, Андра Дей таяуда ғана «Алтын Глобус» «Құрама Штаттары Билли Холидэйге қарсы» фильміндегі рөлі үшін «Үздік актриса» атанған-ды.
Әйгілі марапатта «Борат 2» лентасы «үздік сценарий» және «екінші пландағы үздік актриса» номинациялары бойынша бақ сынама. Сондай-ақ,
«Жан», «Алға», «Қозы Шон: Фермагеддон» және «Айға сапар» мултьфильмдері «Үздік анимация» жүлдесінен үмітті.