XIX ғасырдан бері қызмет етіп келе жатқан «Рейтерстің» қызығушылығын Найнти уанның дәл осы әні оятса керек. Әлемге әйгілі халықаралаық ақпараттық агенттік тоқсан бірліктерден трекке қатысты сұхбат алып, туындының декодингін ұсынған.
Еске салсақ, бұдан өзге жуырда ғана Найнти уан тобы BBC news пен америкалық «The World» радио бағдарламасына сұхбат беріп, тыңдарманын таңқалтқан еді. Әуел бастан әлемге танылуды көздеген топтың продюсері Ерболат Беделхан болса, бұл болашаққа қойған жоспардың бірі ғана екенін алға тартады.
Ерболат Беделхан, продюсер:
- Осы q-pop-ты бастаған 91 тобы болғандықтан, өзіміздің миссиямызды ролик арқылы жеткізгіміз келді. Себебі, өте көп адамдар өте дұрыс емес түсініп жатыр біздің жұмыстарымызды. Өте көп сұрақ бар, сондықтан біз жоспарлап отырмыз, бар қазіргі таңда әншілерді қосып, кімде-кім кью-поптың не екенін түсінетін адамдарды қосып, бір ролик жасамақпыз.
Еске салсақ, жігіттердің жыл соңында ұсынған тректері тыңдалымы жағынан топ жарып, көптің көңілінен шыққан еді. Ұжым продюсерінің айтуынша, биыл Найнти уанның иглзға ұсынары жетерлік.
Ерболат Беделхан, продюсер:
- Белгілі бізде кәмбак болады, бізде альбом болады осы жылы. Бізде бірнеше бейнебаян болады осы жылы. 91-ге қатысты. Егер пандемия бітіп жатса міндетті түрде q-фестиваль жасаймыз. Бәрі бетпе-бет көргісі келіп жатыр балдарды.
Тәжірибиелі продюсер карантиннің кесірі туралы да ойластырып қойған. Күні ертең локдаун режимі енгізіле қалса, Ерболат Беделханның өз жоспары бар.
Ерболат Беделхан, продюсер:
- Жабылып жатса барлығы онлайн болады. Былтырғы тірлігімізді жалғасытрамыз. Бірақ жұмыс тоқтамайды, иә сол.