Аша Матай кенжесін жұлдыз қылмақ па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық шоу-бизнес өкілдері арасында әйгілі брендтердің бет-бейнесі атанған қыз-жігіттер жетерлік! Мәселен, танымал сусабынның келбеті болып келген Аша Матай, енді кенже қызы Айымды да «модель» ретінде танытпақ.

Аша Матай, әнші:

- Жақын арада қызым екеуміз тағы да шығатын боламыз. Айым екеуміз. Айым енді соның бет-бейнесі болды. Айым да енді кішкентай модель, тәй-тәйлап басып келе жатыр.

Ал Зируза болса, таяуда ғана халықаралық косметикалық өнімнің келбеті атанды. Кью-поп орындаушысы: «Алғаш бұл жаңалықты продюсерінен естігенде қуанышым қойныма сыймады», - дейді. Ерлан Әлімов, бұл өз кезегінде жақсы табыс көзі екенін алға тартты.

Ерлан Әлімов, продюсер:

- Ол халықаралық компания олардың тарапынан сондай ұсыныс келді. Қалай қарайсыз Зируза біздің тональный кремнің түр келбеті болса қалай қарайсыз деп. Біз келістік, ол міндетті түрде табыс көзі. Өйткені біз тойға шықпаймыз, корпоративке шықпаймыз. Концерттер қазір жоқ. тек қана рекламадан ақша тауып жатырмыз. Ол алған қаражатымызды сол творчестоваға жұмсап жатырмыз.

Ziruza, әнші:

- Косметиканың келбеті боласың дегенде мен шынымды айтсам, бір қуанышта болдым. Қыз болғандықтан, әрине қызға ол жағады.

«Танымал брендтің бет-бейнесі болу барша қыздың арманы» дейтіндердің тағы бірі - Ақбота-Нұр. Алайда, экс-Кешьюлік бикешке әзірге лайықты ұсыныс түспей жатқанға ұқсайды.

Ақбота-Нұр, әнші:

- Маған әзірге ұсыныс тастап жатқандар бар, бірақ олар ондай үлкен жарнама бойынша ұқсыныс тастаған жоқ. Кез келген қыз баланың арманы шығар деп ойлаймын. Мен өзім арманым бір брендтің лицосы болуға, жарнамалар бүкіл қазақстанда, шетелде болсын ілініп тұрса, ол мен үшін үлкен мәртебе деп ойлаймын.

Бұдан бөлек, былғары қолғап шебері Геннадий Головкин ұялы телефонның, Димаш Құдайберген қол-сағаттың, Айдана Меденова косметикалық өнімнің, ал Баян Алагөзова сусабынның келбеті атанған еді.