Кезінде «Moonlight» тобында өнер көрсеткен Ерік Төленов бүгінде Kyle Ruh лақап атымен танымал. Жеке әнші ретінде сұранысқа ие бола алған музыкант q-pop-тан кеткелі бері, орыс тілінде де әндер ұсынып жүр. Бүгінде өзін әр қырынан байқап жүрген өнерпаз: «Қажет болса ескі хиттерді жаңаша нұсқада шығарып қалуым да әбден мүмкін», - дейді.
Kyle Ruh, музыкант:
- Енді мен білмеймін, үлкен буынды ағаларымыз қалай қарайтынын. Алдағы уақытта ондай жасау ойда бар, бірақ та оны үлкен жоғары деңгейде жасамағаннан кейін, оны бастаудың да қажеті жоқ деп ойлаймын. Сондықтан алдағы уақытта мүмкіншілік болып жаста неге жасамасқа.
Нурик Смит болса, бүгінде ТМД-ға танылуды көздеп жүр! «Newton» тобының экс-әншісі өзін рэп бағытында байқап, тыңдарман көңілінен шыға білген. Әсіресе Нұриса Әнуарбековтың тректері тик-ток әлеуметтік желісінде трендте. Ал хип-хоп орындаушы q-pop-тан кеткен себебін, шектеулерден шығып, шығармашылығын шыңдағысы келгенімен байланыстырады.
Nurik Smit, рэпер:
- Олардың істеп жатқан дүниелері қазір Россияда мықты болып жатыр, яғни қазір Қазақстан, Россиядан да орысша әнді жақсырақ жазады. Оны бәрі көріп жатыр. Өйткені біздің Қазақстаннан шыққан ағалармыз бар Скриптонит, Jah Khalib дегендер.
Нурик Смит сондай-ақ, q-pop арқылы ақша табу оңай болмағанын алға тартады. Рэпер: «Newton» тобында өнер көрсеткен сәтте жеткілікті гонорар алмадым», - дейді.
Nurik Smit, рэпер:
- Мен q-pop-ты бір жеке стиль ретінде көрмеймін да, маркетинг ретінде, типа шум, фандом жинап алу сол жағынан көрем. Әрине оның бәрі продюссерский центрға байланысты, оның опыты болмаса қаражат жағын табудан, ол продюсердің кінәсі.
Нурик Смиттан өзге бүгінде «Juzim» гелзбендінің экс-мүшесі Aroojeanne жеке әнші ретінде өнер көрсетіп жүрсе, «Black Dail»-дық Арсен Әлен лирикалық бағытта әндер ұсынып жүр. Ал «Crystalz» тобынан кеткен Мона «Bip House» тик-токерлер құрамына мүше болып, бүгінде трендтен түспеуде.