Динара Сәтжан: «Пандемия қалтамның қалыңдауына септігін тигізді», - дейді. Танымал тележүргізуші қысылтаяң кезеңді тиімді пайдаланып, табысын екі еселеп алғанын жасырмайды. Ел карантинде жатқанда Динара желі арқылы әр саланың өкілімен 160 тікелей эфир өткізіп, одан бөлек бизнесін онлайн дөңгелеткен.
Динара Сәтжан, тележүргізуші:
- Мен каратинде бизнесімді жалғастырдым, ештеме тоқтаған жоқ. Мен өзім де жұмыс істедім, күнде тікелей эфир, және бизнес онлайн киімдерімізді саттық, және онлайн курс личный брендтты да өткіздік, тайм менеджментті де өткіздік.
Онлайн кәсіптің көзін тапқандар қатарында Санжар Мәди де бар. Еске салсақ, актер пандемия басталмас бұрын өнер мектебін ашып, шәкірт тәрбиелеуге кіріскен еді. Карантин кезінде диджитал форматқа көшкен ол, қыруар қаржы таппаса да, құрдымға кетпегенін айтады.
Санжар Мәди, актер:
- Онлайн режимге шарасыздықтан ауысып едік. Бірақ керісінше оқушылар саны артып, сағатымыз көбейді. Бірақ карантинде мектеп ешқандай пайда көрмеді. Оқушылардан түскен табысты тек ұстаздарға бөліп бердік.
Санжар тілге тиек еткен ұстаздың бірі – Асқар Ілиясов. Мәдиевтың өнер орталығында оқытушылық қызметті атқарған актер онлайн арқылы табыс табуға болатынына көзі жеткен.
Асқар Ілиясов, актер:
- Сабақ бердім онлайн актерлық курстар. Санжар Мәди екеуміз. Санжар Мәдидің «Ойна» деген сутдиясында сабақ беріп жүрміз бүгінгі күнге дейін.
Еске салсақ, бүгінде жас өнерпаздар Айри мен Арсен Ален де өнердегі ағалары сияқты онлайн сабақтары арқылы күн көріп жүр. Алайда, бұл диджитал формат бәрінің ыңғайына келді деген сөз емес. Мәселен, актриса Дариға Бадықоваға карантин кесірінен өз орталығын жауып тастауға тура келді.