Рамазан Амантай отау құрмақ па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Коронавирус өршіп, еліміздің біршама қаласының қызыл аймаққа енуі шоу-бизнес өкілдерін де алаңдатпай қоймады. Себебі, елдегі эпидемиялық ахуал жақсара сала, жұлдыздар жаппай жоспар құруға кіріскен еді. Мәселен, актер Рамазан Амантай көктемде жаңа жобаларын жарыққа шығарып, шаңырақ көтермек болған.

Рамазан Амантай, актер:

- Енді алдыңғы жылдағыдай жаппаса екен деп тілеймін, өйткені осы көктем айларына көптеген жоспарлар бар. Өте маңызды жоспарлар бар. Сондықтан карантиннің болғанына іштей қарсымын. Алла қаласа қазір той күнін белгілеу үстіндеміз, бүкіл қазақ еліне + 1 келін. Алла қаласа, сондай жоспар бар, дайындық үстідеміз.

Рамазанның әріптесі Салтанат Бақаева болса, керісінше үйден шықпай отыруға дайын көрінеді. Үш баланың анасы: бұл вируспен күресудің бірден-бір амалы – оқшаулану, - дейді.

Салтанат Бақаева, актриса:

- Финансовый жағын құдайға шүкір, жолдасым бар бүкіл финансты ойлайтын сол кісі. Ал біз неге болса да дайынбыз. Отбасыңмен үйде отыр десе, отырамыз. Өйткені басқаша бұндай ауыр кезеңді жеңу мүмкін емес. Жұмысымыз тоқтайды, әрине. Сол сәттер кішкене уайымдатады.

Локдаун режиміне Ерболат Беделхан да дайын. «Ninety one» тобының продюсерін карантин кесірінен кеткен шығын емес, қоластындағы мемберлердің жағдайы көбірек алаңдатады. Сондықтан, 91-ліктер тек санитарлық талаптарға сай, онлайн форматта жұмыстарын жалғастырмақ.

Ерболат Беделхан, продюсер:

- Жабылатын болса, әрине біз өзіміздің былтыр жасағандай тірлігімізді жасаймыз. Барлығы онлайн болады. Бірақ жұмыс тоқтамайды.