«Crystalz» тобының дәл осы «Адастырма» атты дебютты бейнебаяны 4 жыл бұрын жарық көрген еді. 2016-да құрылған гелзбендтың құрамы сол уақыттан бері бірнеше мәрте өзгерді. «IONS» үшін бұл қалыпты жағдайға айналса да, топ продюсері Руслан Хван: «Қыздардың жиі ауысуы, топтың жұмысына кері әсерін тигізді», - деген еді.
Ал өткен аптада алғашқы q-pop гелзбенд тарағандары жайлы ресми түрде мәлімдеді. «MM entertainment»-тің мұндай шешім қабылдауына, топтан Ари мен Неллидің кетуі себеп болған.
«CrystalZ» ғана емес, соңғы 2 жылда «Black Dail», «Juzim», «Newton» топтары да тарап кеткен болатын. Ал аталмыш ұжымдардың экс-солистері бүгінде өздерін соло әнші ретінде байқап көруде.
AKIM, «Newton» тобының экс-әншісі:
– Мен алғашында кью-поп бағытында өнер көрсеттім. Енді соло әнші ретінде жеке шыққанда мен өз-өзіме шектеу қойғым келмейді. Себебі, мен үшін музыка ол қандай да бір бағыт емес.
Осылайша, 5 жылда 15-ке жуық топ құрылып, 10-ға жуық соло әнші кью-поп бағытында өнер көрсетті. Бастапқыда, қазақ поп музыкасысының мақсаты - ана тілімізді насихаттау деген әншілер, қазіргі таңда бұл ойларынан айнып қалған секілді.
Кью-поп бағытының негізін қалаушылар – «Найнти уан» тобы да болашақта өзге тілде ән шырқауға дайын.
«Ninety One» тобы:
- Әрине біз басқа тілде ағылшынша, орысша да немесе тағы басқа тілдерде өлең айтуға, әндетуге дайынбыз, бірақ та ол үшін де біздің ішкі дайындық тәжірбие сол тілді ойланып білу керек сияқты. Сондықтан да осындай эксперименттер арқылы жетеміз деген ойдамыз. Әзірге бір жәй эксперимент қылып жасаған трек бар орысша.
91-лік жігіттердің «эксперимент» деп жасырып отырған әні «lie», бірақ тректің орыс тілде жарыққа шығу-шықпауы әлі белгсіз.