Жахан мен Балжан қандай жаман әдеттен арыла алмай жүр?

Сообщить о проблеме с эфиром

Өздерін «шопоголик» санайтындардың бірі - Жахан мен Балжан. Жұлдызды жұп «киім десе ішкен асын қояды» екен. Махаббат хикаялары Стамбұлда басталған қос ғашық, Түркияда уақытының көп бөлігін дүкен аралаумен өткізгенін айтады.

Жахан мен Балжан жұлдызды жұп:

- Бұл біздің біздің отбасымыздың қазір уже ең слабый жері осы. Өйткені біз Стамбулда жүрген кезде, 2 күнде бір барып новый бірдеңе алып келетін едік қой үстімізге. «Мынау күшті сияқты, мынау күшті сияқты» деп. Мен Жаханды мүлдем ондай деп ойламадым. Мен сондаймын ғой десем, бұл менен өтіп кеткен, соған қатты қуанып кеттім.

Жаханның жан досы Айгерім Қалмұратова да ең сәнді болуы үшін қаржысын аямайды екен. Актриса, тіпті шоппинг жасаймын деп, ақшасының бәрін құртқан кездерін еске алады.

Айгерім Қалмұратова, актриса:

- Қолыма ақша түссе болды магазинге жүгіремін шынымен де. Бір аптада 800 мың теңге құртқаным болған. Ол 2015 жылы. Сол уақытқа дейін жинап жинап, өзім ол кезде ән айтып та жүрдім, клип түсіремін деп жүріп, болмай қалды.

«Халық алдында жүрген соң, соған сай киіну керек», - дейді «Меховая 8\1» ұжымы. Ашық-жарқын образдарымен көзге түскен жігіттер күнделікті өмірде де сәнді болып жүруді құп көреді.

«Меховая 8\1» тобы:

- Араларымызда ең көп жақсы киінетін бізде Қанай ғой. Любой нәрсе, бірдеме кисе соған үйлесіп тұрады. Ауылдағы мал жайғайтын киімдіда бүйтіп Қанайға бере салсаң, үстіне киіп «ммм модной ғой» деп тұрады ғой. Көп ақша құртқанда енді, құртып қоямыз.