Фонограммаға қатысты даулы заң, Зарина Омарованың талқыдағы тақырыпты қозғауына қамшы болды. Ширек ғасырға жуық сахнада жүрген өнерпаз жанды дауыста орындау әр әншінің міндеті деп санайды. Омарова: «Әртіс жасандылықтан жат болуы керек», - деген ұстанымда.
Зарина Омарова, әнші:
- Фонограммаға шектеу қойылсын дегенге мен екі қолыммен «ЗА». Өйткені жанды дауыспен айтқан өлеңге ештеңке жетпейді шыны керек. Оны енді білмеймін, мені ұйықтап жатсам оятып мына әнді айтшы десе мен айта беремін. Мен жанды дауыста айтақынды өте ұнатамын.
«Концерттер мен кештерде фонограмма қолданылса, ол туралы тыңдарманды міндетті түрде ескерту керек», - дегенмен Бейбіт Көшқалиев те келіседі. Музыкант жаңа заң өнер өкілдерінің кәсібилігін арттыратынына сенімді.
Бейбіт Көшқалиев, әнші:
- Керек қой ол. Керек себебі ол бұл заң біздің емес, бұл кәдімгі шет елдің, әлемдік болып жатқан заң. Сол үшін керек. Біз құптаймыз! Бұл жерде әншілер еңбектене бастайды. Сол кішкене уайымдайды. Қозғалыстар болады, қан жүгіреді, жүрек соғады дегендей ғой.
Десе де, өнер иелері арасынан заңға қатысты қарсылық танытқандар да табылды. Мәселен, Элизат Берікова жанды дауыста өнер көрсету 100 пайыз мүмкін емес екенін айтады. Экс-Кешьюлік әнші: «Елімізде орындаушыларға ешқандай жағдай жасалмаған», - деп, ренішін білдірді.
Элизат Берікова, «Kesh YOU» тобының экс-әншісі:
- Бізде Қазақстанда мысалы той-томалақтарда, тойлардың ішінде немесе бір басқа заведениялардың ішінде аппаратуралар өте нашар, өте нашар. Звуктар дұрыс шықпайды, микрофон дұрыс емес, настройкасы жоқ.
Жаңа бастама туралы естіген Кентал да, бұл өзгерісті құп көрмейтін болып шықты. Музыкант өнер адамдарының шығармашылығына шектеу қоймай, еркіндік беру керек деген пікірде.
KENTAL, әнші:
- Негізі мен қарсымын, ондай нелерге. Себебі әр әртіс өзі біледі қалай не істеу керек. Өнер деген ол заңға жатпау керек. Себебі, өнер деген ол тәуелсіз болу керек.