2020 өнер адамдарының шығармашылық емес, бала тәрбиесімен айналысқан жыл болды. Мәселен, жыл басында Аша Матай мен Арман Қоңырбаев екінші рет қызды болса, көп ұзамай Мейіржан мен Дана 5-ші мәрте ата-ана атанғанын айтып, көпті таңдандырды. Ал 39 жасында тұңғышын құшағына басқан Дильназ Ахмадиева: «Бесік жырын білмей, біраз қиналдым»,-дейді.
Дильназ Ахмадиева, әнші:
— Соншама жыл әнші бола тұра бірде бір бесік жырын білмейді екенмін. Кейін есіме түсіріп, ойдан шығарып та әндеттім. Жақсы ұйықтағанына қарағанда, ойдан шыққандары ұнаған сияқты. Ұлым вообще копия, әкесінен аумайды вообще.
Дильназдың құрбысы Луина да 2020 жылы ана атанды. Әнші ұлына Давид деген есім таңдап, кішкентайының кіндік шешесі ретінде Мақпал Исабекованы бекіткен-ді.
Динара Бақтыбаева да бұл күндері тұңғышының қызығына тоймай жүр! Актриса жазда бөпелі болып, кестетігеріне Аяна деп ат қойды. Динарамен салыстырғанда, бала тәрбиесінде тәжірибиесі көбірек Элизат Берікова екінші сәбиін бауырына басқан-ды.
Элизат Берікова, «Kesh You» тобының экс-әншісі:
— Атын папасы қойды, бірінші ұлымыздың Батырханның атын Рамазан деп қояйын дегенбіз, атамыз қоямыз деді. Атамызға сондай аян беріліп, түске Батырхан деп қойсын деп. Сомен атамыз Батырхан деп қойды. Күйеуім везучий екен, екіншісі де ұл болды. Атын Рамазан деп қойдық.
Одан бөлек, екінші рет сәбилі болғандар қатарында актриса Дарья Александрова, Әсел Қалиева мен Ернар Нұрғалиев, режиссер Жеңісхан Момышев, «Мистерионстық» Дильен мен Серік Ибрагимов та бар. Олардың барлығының шаңырағы ұл баламен толықты. Ал Ернар Айдар мен Нұржан Керменбаевқа бұл жылы сүйіктілері қыз сыйлады.
Сондай-ақ, көпбалалы әкелер қатарына енгендер де жетерлік! Мәселен, актер Қайрат Әділгерей мен Кенжебек Жанәбілов төртінші рет әке атанса, Абай Бегей, Сәбит Әбдіхалықов пен Қыдырәлі Болман 6 дүркін әке атанды.