Карантинге қарамастан, отау құрған жұлдыздар кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Шоу-бизнес өкілдері арасынан карантинге қарамастан шаңырақ көтергендердің алғашқысы болған - Кентал. Сүрбойдақтар сапынан кеткен сері мамыр айында өзінің 20 жастағы сүйіктісі Миланамен заңды некеге отырған еді. Алайда, әнші көптен күткен үйлену тойын атап өтпеді.

Есесіне, биыл қалыңдық атанған Нагимуша кішігірім болса да, сақтық шараларына сай етіп, жақындарына арнап той жасады.

Нағима Настевич, блогер:

- Жалпы бізде аз адам болды, бір 20 шақты. Біз оны далада істедік. Бірақ бізге хабарласқан еді, бірнеше рет айтқан еді: «байқаңыздар, қарап жүрміз, өйткені қазір заң бәріне ортақ. Кім болсаңыз да, не болсаңыздар да заң бәріне ортақ, өйткені оны сақтап біліңіздер, біз сіздерге қарап жүрміз», - деп звондаған еді.

Желі жұлдызы, әнші Дарикон да биыл қалыңдық атанды. Жас блогер сүйіктісі Дархан Жолшыбековпен жуырда ғана үйлену тойын ауқымды етіп өткізді.

Daricorn & Дархан, жұлдызды жұп:

- Олай келін деп қарап жатқан жоқ өздерінің қыздары сияқты қарап жатыр, ешқандай бөлектеп жатқан жоқ сол үшін рахмет. Просто Дархан отбасында қыздар болмағаннан кейін мені өздерінің қызындай көріп жатыр.

Әли Оқапов та қатарластарынан қалмай, сүйіктісі Ақерке Бүркітбайды ұзатып алған еді. Сондай-ақ, режиссер Ақан Сатаевтың тұңғышы Марйам Сатай, Жанар Айжанованың жалғызы Айжұлдыз Адайбекова да ұясынан ұшты.

Еске салсақ, Айжұлдыз соңғы сәтке дейін Қыран Талапбекпен жүрек табысырғанын жасырып келген-ді.

Айжұлдыз & Қыран, жұлдызды жұп:

- Бақыт тыныштықты қалайды деп көз тимесін деп. Сөзге қалып қалмайық деп. Адамдар бұлар хайп үшін жүріп жүр деп ойламасын деп. Әңгіме болмасын деп, содан кейін үндемей қоя салайын дедік. Тек көп адамдардың ортасында көзге түспеуге тырыстық негізінен.

Жәния Джуринская да биыл ақ келін атанды. Некесін таяуда ғана заңды түрде қиған актриса енді үлкен той жасамақ ниетте.

Жәния Джуринская, актриса:

– Әрине, кез келген қыздың арманы ғой, той көйлегін кию. Менің де кигім келеді. Сол үшін үйлену тойын пандемия аяқталған соң жасайтын шығармыз.

Сондай-ақ, биыл блогер Біржан Ашим Диана Әлиеваға жүрегі мен жүзігін ұсынса, «Jokeasses» ұжымының мүшесі Ахмад Хельми ғашығы Әсияға үйленуге ұсыныс жасады. Актриса Гүлнар Сильбаева да сүйіктісіне тұрмысқа шығуға келісімін берген-ді.

Гүлнар Сильбаева, актриса:

- 2020-шы жылы дәл осындай жағдай өмірімде орын алады деп ойламадым. Мұндайды ешқандай қыз күтпейтін шығар. Дегенмен бұйырып тұрған соң неге болмасқа.

Карантинде табысқандар арасында Шәріп Серік пен Say Мо да бар. Алайда, үйлену тойлары болып үлгермеген қос ғашық, бүгінде отбасылық кикілжің үшін ажырасамыз деп отыр.