Бүгінде 10 тиктокерден тұратын «Bip_house» командасы, аз уақытта ТМД-ға танылып үлгерді. Талантты қыз-жігіттердің басын, бір баспанаға – Таир Қали есімді жігіт біріктіріпті. «Күнде жаңа контент жасауға құлшынып тұрамыз» дейді хаус қатысушысы Vipenot.
Vipenot, «Bip_house» қатысушысы:
– Иә, Қазақстандағы алғашқы хауспыз. Бәрімізді жинаған, біздің лидер әрі қатысушымыз – Таир. Жеке-жеке шақыртып, үлкен команда жасап шықты. Бүгінде бір отбасыдаймыз.
Алғашында тиктоктерлердің, ата-аналары олардың бұл бастамаларын қолдамаған көрінеді. Кейіннен жетіп жатқан жетістіктері мен түсіп жатқан қаржылай пайдаларын көріп қолдау білдіре бастаған.
Thedaqlet, «Bip_house» қатысушысы:
–Алғашында ата-анам бұған қарсы болды. Тіпті қабылдай алмады десем де болады. «Блогерлік» дегенді көбісі тек телефонға телміру деп түсінеді ғой. Сосын үйге аздап ақша әкеле бастағаннан кейін ғана, қолдай бастады.
Бүгінде оларға Америка мен Дубайдың ірі компанияларынан жарнамаға ұсыныс та түсіп үлгерген. «Bip_house» қатысушылары қаралым жағынан Ресейілік тиктокерлерді басып озып жатқандарын айтады.
Салижан Абдыбеков, «Bip_house» қатысушысы:
–5 миллионнан 100, 120 миллионға дейін қаралым жинап жүрміз. Идеяны өзіміз ойлап табамыз. Біреуден қайталамауға, көшірмеуге, өз контентімізді қалыптастыруға тырысамыз. Ол үшін бәріміз күнде кешке, үлкен жиналыс жасап, ойымызды ортаға саламыз.
Бүгінде трендтен түспей тұрған тиктокерлар «Қаржы жағынан қиналып жүрген жоқпыз. Керісінше жұмыс барысынан ләззат аламыз»,-дейді.
Азиза Сарсенова, «Bip_house» қатысушысы:
– Жұмыс деп те, хобби деп те айта аламын. Себебі ояна салып, контент жасауға яғни өзімізге ұнайтын шығармашылық процеске кірісеміз. Қала берді сол үшін ақша аламыз.
Ал «Bip_house»-қа қатысушы болғысы келген блогерге қойылатын талап – тек сапалы контент екен. Сосын хаустағы қыз-жігіттермен тату болса, болғаны.
Салижан Абдыбеков, «Bip_house» қатысушысы:
– «Bip_house»-қа қатысушы болу үшін, ең бірінші біздің көңілімізден шығуы керек өйткені бізбен бір шаңырақ астында тұрады ғой және жасы 18-ден асқан, контенті сапалы блогер болуы шарт.