«Алатау серілері» әсерлі бейнебаян ұсынбақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ел еңсесін көтереміз! Бұл «Алатау серілерінің» бүгінгі ұраны. Жігіттер осы жолды нақты қолға алып, тіпті клип түсіруге кірісіп кеткен. Бекболат Тілеуханның «Алаш ұраны» әніне бейнебаян таспалаған олар: «Туындыда тарихта болған қиындықтар мен күрестерді көрсетуге тырысамыз», - дейді.

«Алату серілері» тобы:

– Бірегей «Мен» деген каскадерлар жұмыс істеп жатыр. Өйткені бұл жерде кезіндегі «Алаш» зиялыларының... Жәй ғана төбелес емес бұл жерде, солардың кезіндегі Алаш үшін, қазақ үшін күрескен, қазақтың Тәуелсіздігі үшін күрескен бабаларымыздың негізгі бейнесін бейнелейтін образ бұл негізі.

Осылайша жігіттер: «Клиптегі ұрыс, жекпе-жектерінің айтар астары бар», - дейді. Бейнебаянға Бекболат Тілеуханның өзі де түсуі керек болыпты.

«Алату серілері» тобы:

– Негізі мына съемкада, автордың өзі – Бекболат Тілеухан ағамыз келу керек болатын. Қазір карантинге байланысты жүруге болмайды. Рухты ән болғаннан кейін, алдағы желтоқсанға, 16-шы желтоқсанға арнап түсіріп жатырмыз.

Туындының режиссері – Бағдат Қожахметов екен. Клиптегі идеялардың ден бөлігі жас, талантты таспагерге тиесілі.

Бағдат Қожахметов, режиссер:

– Жалпы съемканың ең қиын сахнасы, өздеріңіз көріп тұрғандай бізде міне (нұсқап) осы жерде кішігірім бассейн істегенбіз. Өкінішке қарай жылыта алмай қалдық үлгермей, су өте мұздай. Актерларымыз жаурап, кішкене қиналып жатыр.

Топ мүшелері, клипке көмек ретінде достары тегін жұмыс істеп жатқанын айтып қалды. «Оларға да рақмет»,-дейді Алатау серілері.

«Алату серілері» тобы:

– Барлығы осы жерде былайша айтқанда жәрдемін беріп, бізде продюсер жоқ қой. Бәрі тегін жұмыс жасап жатқан балалар. Оператор болсын, режиссер болсын тек шын ынтасымен. Қазір сынақ келіп тұр ғой. «Қазақтың рухын оятайықшы» деген жігіттер ғой.