«Queen» тобы туралы «Богемдық рапсодия» фильмінен кем болмайды! Дәл осылай деген киногерлер, күні кеше «Дос-Мұқасан» ансамблі туралы картинаны түсіруге кірісті. Тарихи лентада 1965-1975 жылдар аралығы қамтылмақ. Жоба продюсері Алмас Әлімжанның айтуынша, тың туындыны таспалау идеясы 5 жыл бұрын келген екен.
Алмас Әлімжан, продюсер:
- 60-70 жылдары өте көп топтар болды ғой. Соның ішінен жарып шыққан Дос-Мұқасанның идеологиясы, идеясы неде деген сұраққа жауап беруге тырысамыз. Ал ол идея біздің ұлттық музыканы, ұлттық рухты қолдай білді.
Сценарийді әзірлеуге топтың алғашқы ұйымдастырушыларының бірі – Досым Сүлеевтің өзі ат салысқан. Басты рөлге актерлерді бекітпес бұрын, қатаң кастинг өткізілген көрінеді. Іріктеуге миллионға жуық адам онлайн, 200 үміткер офлайн қатысқан.
Алмас Әлімжан, продюсер:
- Біз актерлардың барлығына талап қойдық. Олардың дауыс тембін де біз қарастырдық. Олар әндердің барлығын өздері орындауға тырысады, жаңа оранжировкамен. Әрине біз ешқандай бояғын бұзбауға тырысамыз муызка, әндердің. Өйткені олар авторлық әндер.
Талаптарға сай келіп режиссер Айдын Сахаманның көңілінен шықандардың бірі – Бақытжан Әлпейісов. Актерге маңызды рөл - Досым Сүлеевты сомдау бұйырған.
Бақытжан Әлпейісов, актер:
– Бұл Дос-Мұқасанға деген менің махаббатым бала кезден басталған. Сол мен 10 жастағы баламын, алғаш әндері шыққан кезінде. Бүкіл әндерін жатқа біліп, жаттап ауылда айтып жүруші едік. Сол кісілердің рөлін сомдаймын деген, үш ұйықтасам түсіме кіргмеген ғой.
Ал Мұрат Құсайыновтың образын Ғани Құлжанов сомдамақ. Актердің сырт-келбетін «Дос-Мұқасан» мүшесіне ұқсату үшін гримерлер біраз уақыт жұсайтын көрінед. Мәселен, мына шаш үлгісін әзірлеу үшін 1,5 сағат қажет.
Ғани Құлжанов, актер:
- Тіпті, шыны керек мына жігіттер гримнен шыққанан кейін ойбай Мұрат аға келіпті ғой деп, сондай шатастырған кездер де болды.
«Дос-Мұқасан» фильмінде сондай ақ, Рахман Омаров, Мейірғат Амангелдин сынды актерлар бой көрсетпек. Туынды 2021 жылы көрерменге жол тартады деп жоспарланып отыр.