Актер Жахан Отарғалиев кино түсірмек!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Шетелдік фильмдерде бой көрсеткім келді!» Жахан Отарғалиев ұзақ уақыт Түркияда не үшін жүргенін ашып айтты. Өзге мемлекеттің киноиндустриясына қызыққан актер, шығармашылығын сонда жалғастырмақ болған екен.

Жахан Отарғалиев, актер, әзілкеш:

- Бір жағынан мен түрікше үйренгім келді до конца. Үйреніп алып сол жақтың бір продакшндарына барып кастингтеріне қатысқым келген. Бірақ кейін маған ұсыныс болған, кішігірім андай эпизодный рөлдерге, сосын енді ертең білмеймін енді өзімде аса бір қатты бір құлшыныс болмады сондай, желания болмады эпизодка бара салатын.

Бүгінде елімізде сұранысқа ие болған Жахан Отарғалиевтың киноқоржынында алты толықметрлі фильм бар. Барлығында басты рөлдердің бірін сомдаған актер: «Дәл осы жетістікке ұзақ келдім», - дейді.

Жахан Отарғалиев, актер, әзілкеш:

- Менің тағы бір армандарымның бірі осы киносфераға келген кезде кейбір актерларымыз бар, олар мені танымады ол кезде. Ол кезде мен сырттай оларға қарап отырып, «ай ертең бір күні менде сіздердің қатарларыңызға қосыламын» деген бір арманым болды да.

Осылайша, Жаханның «топ» актер атануына әріптестері әсер еткен көрінеді. Алайда, қолдау көрсетіп емес. Отарғалиев кезінде өнердегі жолдастарының өзін менсінбей қойғанын айтып, әлі күнге дейін қынджылады.

Жахан Отарғалиев, актер, әзілкеш:

- Кейбір коллегаларымыз болды осындай мен даже бүйтіп тұрған кезде қолым осылай қалып қойған кездер болды да бұрылып кетіп қалған сол кезде маған. Ол кішкене мотивация болды неге мен ол да мен сияқты адам, мен неге істемеймін деген сияқты.

Сол әріптестеріне өзін мойындатып, діттегеніне жеткен Жахан, бүгінде продюсерлердің өзі жиі ұсыныс білдіріп жататынын жасырмайды. Алайда, енді киногерлер емес, фильмге түсетінін, не түспейтінін Отарғалиевтың өзі шешеді.

Жахан Отарғалиев, актер, әзілкеш:

- Қазақстандағы белгілі продюсерлардың 60 пайызы хабарласты ғой. Келесі жылға ұсыныстар білдіріп жатыр, кейбіреулеріне мен өзім барғам кезінде мені қабылдаған жоқ. Солардың өздері звондаған кезде мен кәдімгідей Аллаға шүкір деп қаламын да. Бәлкім білмеймін енді қолдау болып жатса қазір енді өзімнің де киномды шығарып қалармын.