Тик-токтың трендінен түспей жүргендер кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Тик-токтың шыңын бағындырып, трендттен түспей жүрген әртістер қаншама! Мәселен, отандастарымыз Раймның «Двигаться», ал The Limbaның «Х.О» трегіне 2 млн видео таспаланған екен. Осылайша, ТМД бойынша рекорд орнатқан өнерпаздар әлі де бұл желіде актуалдылығын жоғалтпақ емес.

Райм мен The Limba-ның жетістігін қайталамса да, C.C.TAY әріптестерінің қуанышына ортақ. Әнші ару қазіргі таңда тиктокта трендтте болу үшін барын салуда. Әзірге 45 мың фолловері бар q-pop орындаушы бос уақытынның бәрін аталмыш желіге арнайды екен.

C.C.TAY, әнші:

- Тик-токта белсенді отырамын қазір ол жақсы оборот дейді ғой алып келе жатқан платформалардың бірі. Өзіңді тағы да бір үлкен деңгейге жеткізудің жақсы бір площадкасы десем болады.

«Тик-ток жұлдызы атану үшін, креатив пен талантың болса жетеді», - дейді C.C.TAY. Жас әншінің зерттеуінше, трендтен түспес үшін мына бір шарттарды міндетті түрде орындау қажет:

C.C.TAY, әнші:

- Жаңадан тренд түсіру керек, сосын қалып қалған тренд түсірмеу керек. Сосын «хочу в рек» деген хэштегті қоймау керек және де сол бір уақыт бар сол уақытта салу керек.

Бейбіт Көшқалиев болса күні кеше, алғаш рет тик-ток түсірді. Аталмыш әлеужеліге қызығушылығы бірден оянған өнерпаз, бұдан-былай бұл платформада да өзін танытпақ ниетте.

Бейбіт Көшқалиев, әнші:

- Тик-токта жоқпын. Сол инстаграммен мәз болып жүрміз. Көбінесе байқанғаным сол жаңадан мимикалық, актерлық бимен байланысты екен соны білемін, мүмкін ашып қаламын енді.

Қазіргі таңда тик-токтың қарқынды дамып, осыған орай тіпті жаңа мамандықтар пайда болуды. Мысалы, «Jokeasses» вайнерлер командасының мүшесі Бексұлтан Қазыбек бүгінде тик-токерлердің креативті продюсері атанған. Блогер «Bip.House» командасына жетекшілік етуде. Еске салсақ, бұл ұжымның тик-токтағы оқырман саны 7 млн асса, қаралымы 200 млн-нан көп.

Бексұлтан Қазыбек, блогер:

- Тик-токтағы бар жас балаларға ол жол беру бір жағынан. Менің ойымша біз ұзақ уақыт бойы ғаламторда жүрміз, адамдар керек қазіргі индустрияға. Өзім көмектесемін. Мысалыға «Bip House» бар, солармен жұмыс жасаймын бірігіп.