Бесінші мәрте көрерменмен қауышқалы отқан «Бизнес по-казахски» фильмінің тәрелке сындыру дәстүрі ерекше өтті. Себебі бұл жолы Нұрлан Қоянбаев емес, түрік елінің танымал актеры Кадир Догулу осы үрдісті өз қолына алған.
Нұрлан Қоянбаев, продюсер:
- Кадырдоугу мырза «Бизнес по-казахски» киносының партнері және де біздің кинода түседі. Осы құпияны сіздерге бүгін ашамын.
Еске салсақ, Нұрлан Қоянбаев дәл осы шетелдік киногерлермен келіссөз жүргізу үшін 3 ай бойы Стамбұлда тұрақтаған еді.
Нұрлан Қоянбаев, продюсер:
- Жалпы басты мақсатым осы Стамбұлда маған бізге көмектесетін продюсерлік компаниялар іздеу. Одан кейін барлығымен келісіп болғаннан кейін, осы 2020 жылы карантин біткеннен кейін самолет ұшады дегеннен кейін 22 маусымда мен Стамбұл қаласына ұшып келдім.
«Қазақша бизнес» картинасы арқылы миллиардер атанған Қоянбаев жаңа бөлімнің де сәтті шығатынына сенімді. Продюсер тіпті карантинге қарамастан лентаны уақытылы жарыққа шығару үшін барын салып жатыр.
Нұрлан Қоянбаев, продюсер:
-Енді биыл карантин болды. Жалпы тамыз айында съемканы бастауымыз керек еді, қыркүйекте бастадық. Бұйырса осы қазан айында аяқтаймыз.
«Бизнес по-казахски» туындысының төртінші бөліміне түрік актерларынан өзге, Жахан Отарғалиев пен Қайрат Әділгерей де қосылды. Кезінде кинода төбе көрсету үшін Қайратпен таласқа түскен Жахан салмақ тастап, түрік тілін үйренем деген еді. Бірақ актер уәдесінде тұра алмаған көрінеді.
Жахан Отарғалиев, актер, шоумен:
- Салмақ тастай алмадым. Тағы да чуть ерініп қалдым мен неге екенін білмеймін, қайта қайта карантин болып көңіл бөлмей қалдық. Бірақ енді қазір өзімді жақсы сезініп жүрмін. Ешқандай андай комплекс ештеңе жоқ.
Алғаш Түркия еліне табан тіреген Жаханның айтуынша, шетелдік киногерлермен бір түсірілім алаңында жұмыс істеу үлкен тәжірибие.
Жахан Отарғалиев, актер, шоумен:
- Мен шетелдің проекте бірінші рет жұмыс жасап тұрмын. Бірақ бұлардың жұмыс жасауы адамға деген актерға деген көңіл бөлулері өте ерекше. Түрік актерларымен жұмыс істеу онша қиындық тудырып жатқан жоқ. Бір-бірімізді бірден түсініп жатырмыз.
Ал көп күткен «Бизнес по-казахски в Турции» комедиясының режиссерлық тізгінін Анвар Матжанов өз қолына алған. Туынды 24-ші желтоқсаннан бастап үлкен экрандарға жол тартады деп жоспарлануда.